Меню

Страницы

Статья

Баланың тууын тіркеу тәртібі

Баланың дүниеге келуі – әрбір адамның және әр отбасының өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтайтын сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады. Баланың туу туралы медициналық куәлігі баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, айын, жылын және жынысын, құжаттың берілген күнін қамтуға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында берілген, қағаз жеткізгіштегі баланың туу туралы медициналық куәлігі – медициналық ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен расталуға тиіс, ал электрондық нысанда медициналық ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.

Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу ата-анасының не олардың бiреуiнiң қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тiркеушi органда жүргiзіледi.

Баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтінішті ата-анасы немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасау мүмкiн болмаған жағдайда (өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ оның баланың тууын тіркеуге өкілеттігін растайтын құжатты ұсыну) – мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкiмшiлiгi бередi.

Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.

Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беруге болады.

Сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталында баланың тууын тіркеудің екі тәсілі бар.

Бірінші – ата-аналар баланың тууын онлайн режимінде тіркейді, бұдан кейін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға электрондық өтініш береді.

Онлайн өтініш берудің екінші нұсқасы баланың тууына байланысты қызметтердің кешенін композиттік қызмет ретінде алуды пайымдайды.

Бір қызмет арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш, бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға өтініш беруге, сондай-ақ баланы балабақшаға кезекке қоюға (бұл жерде аталған қызметтер жеке де көрсетілуі мүмкін екенін атап өту қажет).

Проактивті бала тууды тіркеу.

Бала өмiрге келiсiмен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтi алу ұсынысы жасалады. Баланың тууына байланысты проактивті қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба Қазақстанның барлық облыстарында іске қосылды.

Қызметті проактивті негізінде көрсету үшін  «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетте ұялы телефон нөмірін сіздің ЖСН-мен байланыстыруды жүзеге асыру қажет.

Сондай-ақ, туу бойынша жәрдемақы ресімдеу үшін шот нөмірін көрсету қажет. Тууын мемлекеттік тіркеуден кейін бала туралы қажетті мәліметтер оны мектепке дейінгі мекемелерге есепке қою үшін жергілікті атқарушы органдарға беріледі.

Туу туралы дайын куәлікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалында қызметті алушының өтініш берген жері бойынша алуға болады.

Дата публикации
02 августа 2022
Дата обновления
02 августа 2022
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы