Меню

Страницы

Статья

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі

Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жіүгізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернетөресурсында орналастырылады.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

Атқараушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам мерзімді өндіріп алу туралы берешегі жоқ борышкерлер жөніндегі, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз етуді қабылдау және оның күшін жою туралы атқарушылық құжаттар жөніндегі мәліметтерді қоспағанда, Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде жібереді.

Көрсетілген мәліметтер мыналарды қамтиды;

1)      Тегі, аты, әкесінің аты, немесе борышкер ұйымының атауы;

2)      Атқарушылық құжатты берген орган, борышкердің орындалмаған міндеттемесі берілген күні мен мазмұны;

3)      Көрсетілген мәліметтерді жіберген сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты, аумақтық бөлімнің атауы және мекен-жайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекен-жайы көрсетіледі.

Борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 47 бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін және атқарушылық іс жүргізу бойынша мерзімді өндіріп алу туралы берешек болмаған кезде, сондай-ақ атқарушылық құжаттың талаптары орындалған кезінде Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Заңның 48 бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізуі аяқталғаннан кейін, атқарушылық құжаттың талаптарының орындалғаны туралы мәлімеметтерді алған кезде сот орындаушысы үш жұмыс күн ішінде борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару үшін уәкілетті органға тиісті ақпарат жібереді.

Дата публикации
28 июля 2022
Дата обновления
28 июля 2022
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы