"Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін электрондық үкімет порталы арқылы беру тәсілі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажет болуы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ):
* Азаматтардың ЭЦҚ қойылған электрондық өтінішті және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
* сканерленген құжаттары қоса берілген электрондық өтініш (PDF файлында) Е-Апостиль СБӨ жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдауды, өңдеуді, тексеруді және дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады.
* уәкілетті органның лауазымды тұлғасы Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы апостильдеуге жататын электрондық құжатта электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ЭҮП өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жібереді.
* Электрондық апостиль ЭҮП арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім коды) қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.
* Электрондық апостиль мөртабанының астында мемлекеттік органның электрондық парақшасына сілтемекөрсетіледі://egov.kz/CMS/ru/services/apostil/apostil.
* Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда қорғаныс кодтарын (қауіпсіздік коды мен өтінімді) енгізу арқылы электрондық апостиль мөртабаны бар Ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады.