Меню

Страницы

Статья

Кешенді әлеуметтік заң көмегі

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ететін тиімді құқықтық тетіктің болуы болып табылады. Алайда барлық азаматтар заң консультациясына немесе адвокаттың қызметіне мүмкіндік азаматтар қол жеткізе алмайды,сондықтан әлемдік тәжірибеде халықтың осындай топтарын қолдаудың түрлі нысандары бар. Осындай нысандардың бірі тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның (бұдан әрі – Заң) 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.

Қазақстанда pro bono жүйесі енгізілді, қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда азаматтарға құқықтық жағдайды толық сүйемелдеумен адвокаттан немесе заң консультанттан заң көмегін алуға мүмкіндік береді, бұл үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.

Кешенді әлеуметтік заңдық көмек мақсатында:

1) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу, олардың заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және олардың сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету;

2) құқықтық түсіндіру және халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру.

Кешенді әлеуметтік заң көмегінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сәйкес оны алуға құқығы бар адамдарға тегін заң көмегін көрсету;

2) азаматтарды және әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдарды құқықтық түсіндіру іс-шаралар кешенін жүргізу.

Мұндай көмекті ұсыну тараптардың ерікті келісімімен негізделген және жалпы тәртіп бойынша өтеусіз болады.

Pro bono ұсыну міндет емес, ол құқық, мәжбүрлеу бойынша көрсетілмейді.

Pro bono көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары мен Республикалық адвокаттар алқасы дербес белгілейді. 

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға тегін негізде көрсетуді көздейтін "pro bono" қағидаттарында заң қызметтері институтын кеңейту; (өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, жасына байланысты зейнеткерлерге, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге, қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда өзге де тұлғаларға.

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету үшін өтініш білдірген кезде тұлға жеке басын куәландыратын және тиісті топқа жататынын растайтын құжаттарды ұсынады

Кәсіптік қызметті заң консультациялары, адвокаттық кеңселер арқылы немесе жеке жүзеге асыратын адвокаттар кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету субъектілері болып табылады.

Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.

 

Павлодар облысы

Әділет департаменті 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2020
Дата обновления
14 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы