Меню

Страницы

Статья

Қалай жеке сот орындаушы болу

Жеке сот орындаушысы деген – уәкілетті орган берге атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия негізінде заңды тұлға құрмай атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы.

Жеке сот орындаушысы болуға жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, жеке сот орындаушысының лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

Жеке сот орындаушысының лицензиясын алу үшін аумақтық орган ұсынатын мемлекеттік қызметтің келесі тәртібінен өту қажет.

Қызмет көрсетуші (аумақтық орган) өзінің интернет-ресурсында жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудың өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабарландыу орналастырады.

         Жеке тұлға (қызмет алушы)  аталған қызмет алу үшін аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қызмет берушіге www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-портлы арқылы өтініш жібереді.

Қызмет көрсетуші қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

1)Атқарушылық іс жүргізу саласындағы ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеу;

2)Ауызша әңгімелесу түрінде білімін тексеру.

         Қызмет алушы өз таңдауы бойынша аттестаттаудан қазақша немесе орыс тілдерінде өтеді.

         Егер дұрыс жауаптардың саны жалпы сұрақтардың санынан 70 және одан да көп болса, қызмет алушы тестілеуден өтті деп есептеледі және екінші кезеңге жіберіледі.

         Тестті тапсыру нәтижелері екі данада басып шығарылады және қызмет алушыға тестілеу аяқталғаннан кейін жеке қолын қою арқылы танысу үшін ұсынылады.

Тестілеудің нәтижесі туралы парағының 1 данасы қызмет алушыға, екінші данасы Комиссияға беріледі.

Ауызша әңгімелесуді өткізу барысында Комиссия мүшелері қызмет алушыға жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін білуі қажет құқықтық пәндердің тақырыбына сәйкес келетін кемінде үш сұрақ қояды.

Аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылатын тұлғалар:

1)Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысында тағлымдамадан табысты өткен және өң пікір алған адамдар;

2)судьялар, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 34 бабы 1 тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан тұлғалар;

3)бес жылдан аз емес прокурор немесе тергеуші лауазымында жұмыс істеген тұлғалар;

4)мемлекеттік органдарда атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.

Дата публикации
21 апреля 2022
Дата обновления
21 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы