Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу -  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»  Заңының (бұдан әрі -Заң) және өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі.

Жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:

      1) меншік құқығы;

      2) шаруашылық жүргізу құқығы;

      3) оралымды басқару құқығы;

      4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;

       5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.

      Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.

Заңның 4, 5 және 6-баптарына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.

      Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу сәті болып өтініш берген сәт танылады.

      Электрондық тіркеу кезінде жылжымайтын мүлікке құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады.

Электрондық тіркеу мәміле, мұрагерлік куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде құқықтар (ауыртпалықтар) туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын жағдайларда, сондай-ақ заңда белгіленген өзге де жағдайларда жұзеге асырылады.

Осылайша нотариус мәмілені куәландырылғаннан кейін мұрагерлік құқығы туралы куәлікті немесе меншік құқығы туралы куәлікті бере отырып, құқық белгілейтін құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық көшірмесін бірынғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарындың ақпараттық жүйесіе жолдайды, құқықтық кадастр, жылжымайтын мүлікті сатып алушыға бірінғай нотариаттық ақпараттық жүйеге берілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі туралы хабарлайды.

Өз кезегінде электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлемнің немесе төлемнен босатылғаны туралы растауды алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктермей жүзеге асырылуға тиіс.

 

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
18 марта 2022
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы