Меню

Страницы

Статья

Үміткерлердің жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға қатысу тәртібі

Тағылымдаман өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарға тестілеуді жүргізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.    

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді. Құжаттар топтамасы тиісінше ресімделмеген не толық берілмеген жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары құжаттармен бірге берілген өтінішті олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, қарамастан қайтарады.            

Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары үміткерге өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәжді шешімді жібереді.                                                 

Аттестаттауға жіберуден бас тартуға уәкілетті органға шағым жасауға болады. Уәкілетті органның қабылданған шешімімен келіспеген немесе одан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап алмаған жағдайда шағым Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа беріледі.                               

Аттестаттауға жіберілген үміткерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары аттестаттау өтетін орын, күні, уақыты, тәртібі туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.                                     

Аттестаттауды жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізеді.                                                                 

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру; 

2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру                                    

Үміткер өзінің таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.Тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.                                                                                                       

Аттестаттау нәтижелері бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы уәжді шешім шығарады.                                           

Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиет, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбалар пайдалануына жол берілмейді.                                                                 

Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда үміткерді жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттаудан шеттетеді.                                

Аттестаттаудан шеттетілген үміткер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.                

Аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген үміткер "Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңының 141-1-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның келесі отырысына шақырылады.

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы