Меню
Страницы
Статья
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес, аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту жатады.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) негізінде әзірленеді.
Осыған байланысты, Үлгілік қағидаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» өзгерістер енгізілген.
Қағидаларда қолданылатын терминдер мен ұғымдарға өзгерістер енгізілді, әлеуметтік көмек көрсету тәртібі өзгерді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексіне Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер енгізілген.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 510-бабы 1-тармағына сәйкес жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар.
Яғни, Заңмен Салық кодексінің 504-бабын алып тастау арқылы осы тармаққа өзгерістер енгізілді.
Бұдан басқа, Заңмен Салық кодексінің 505-бабына «елді мекендер жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері» атауына өзгерістер енгізілді, ал алдыңғы редакция мынадай түрде «елді мекендер жерлеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салық мөлшерлемелері»болды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі, Экологиялық кодекстің 418-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен өз күшін жояды.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерге байланысты нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді сәйкестендіру бойынша ақпараттық хаттар мен жергілікті атқарушы және өкілді органдардың атына ұсыныстар енгізді.
Дата публикации
24 февраля 2021
Дата обновления
24 февраля 2021
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал