Тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 460 бабымен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдар салатын құқықтар ауыртпалықтарын және осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесінің өзінің ерік білдіруінсіз белгіленетін басқа да жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу туралы өтініштер мемлекеттік тіркеуге дереу берілуге тиіс.
Құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде тұлға ауыртпалықты тоқтату үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
Тіркеу қызметі саласындағы
әдістемелік қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің бас маманы
«ҚЗО» РҚБ
Павлодарлық филиалының мүшесі Қ. Айдархан