Меню

Страницы

Статья

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар»

2020 жылғы 05 қазанда Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы «ZOOM арқылы бойынша қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар» тақырыбымен семинар өткізді.

         Әділет департаментінің басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлық құбылыс екенін атап өтті – бұл жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға.

         Сондай-ақ, әрбір мемлекеттік қызметші, әрбір мемлекеттік орган жүктелген өкілеттіктер мен функциялар шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен айналысуы тиіс, яғни алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеуі, анықтауы, шектеуі және жоюы тиіс.

         Әділет департаментінің басшысы қызметкерлерді кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде заңнаманы бұзу фактілеріне жол бермеуге, оның ішінде Ел Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ұстануға шақырды.

         Сонымен қатар, М.И.Имятова мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын атап өтті.

         Ұжымда түсіністік пен сенім ахуалын қалыптастыру, сондай – ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау-мемлекеттік қызметшілердің жалпы міндеті.

         Жұмыстан тыс уақытта рухани байыту үшін Әділет департаментінің басшысы санитарлық шектеулерді ескере отырып, мәдениет және демалыс мекемелеріне баруға, қайырымдылық пен қоғамдық қызметке қатысуға, мүмкіндігінше волонтерлік қызметпен айналысуға шақырды.

         Өткен кезеңде Әділет департаменті мемлекет Басшысы бастамашылық еткен "Biz Birgemiz" акциясы аясында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша 22 көшпелі кеңес және заңнама нормаларын түсіндіру үшін онлайн эфирлерге 11 шығу ұйымдастырылды өткізілді.

         Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруға көрсетілген.

 

Павлодар облысы

Әділет департаменті

Дата публикации
05 октября 2020
Дата обновления
05 октября 2020
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы