Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік
Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасы мемлекеттік қызметкерлер үшін «Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Бұл іс-шара заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілді. Онлайн-семинар барысында тіркеу ережелері, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру мерзімдері түсіндірілді.
Ақсу қаласының ауданаралық
Әділет басқармасы