«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес 25 жасқа толған, жоғары заң білімі және кемінде 2 жыл заңгерлік тәжірибесі бар, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, заңнаманы білуге кешенді тестілеу нысанындағы аттестаттаудан өткен және лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Аттестацияны алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарына elicense.kz порталы арқылы жұмыс істейтін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы өтініш беру қажет.
Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар ҚР заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу нысанында, сондай-ақ практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруден өтеді.
Біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін жоғары заң білімінің дипломы міндетті, оның білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
2026 жылғы 25 ақпанда Әділет министрінің бұйрығымен "нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жаңа редакцияда бекітілді.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әділет департаменттері көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы электрондық өтініш жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
Бұдан әрі құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды біліктілік талаптарына және нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды.
Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы жеке кабинетіне беру арқылы аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген адамдардың тізімін жібереді.
Аттестаттау техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі және екі кезеңнен тұрады:
- ҚР заңнамасын білуге Кешенді компьютерлік тестілеу (100 сұрақ: МК - 15, Жер кодексі-15, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі-15, АППК-5, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң-5, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы" заң, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға " - 5, "жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заң-10, "тұрғын үй қатынастары туралы" Заң-15, "Нотариат туралы" заң - 15);
- практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеу (12 сұрақтан 3 ситуациялық тапсырма).
Барлық сұрақтарда бір дұрыс жауаптың кемінде үш нұсқасы бар.
Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге өзінің жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.
Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт-90 минут (100 сұрақ).
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт-30 минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).
ҚР заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өту үшін 70% және одан да көп дұрыс жауаптар жинау қажет.
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65% және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.
Сертификаттаудан өту үшін тестілеудің екі кезеңінен де сәтті өту керек.
Белгіленген щекті мәндерден төмен нәтижелер алған кандидиттар тестілеуден өткен күннен бастап үш ай өткен соң қайта аттестаттауға жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.
Аттестаттау туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының Нотариат саласындағы заңнамасын білуін тексеру, сондай-ақ аттестаттаудан өтуге дайындық мақсатында сынақ тестілеуінен өтуге мүмкіндігі бар.
Алайда, сынақ тестілеуінің нәтижелері аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім шығаруға негіз болып табылмайды.
Павлодар облысы
Әділет департаменті