Меню

Страницы

Статья

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасы мемлекетінің тілі

ҚР Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сонымен қатар Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттің басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Тіл ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі.

   Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” — деген. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

Тіл — халыктың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш, біріктіруші құралы. Сондықтан мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман сұранысы, коғам кажеттілігі деген жөн. Әрбір қазақстандық осы орайдағы азаматтық міндетін атқарғанда ғана, нәтиже субелі болатындығына күн сайын көз жеткізіп келеді.

Бүгінде кейбір оқыған азаматтарымыздың ic қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, кұжаттарды рәсімдеуге және тіл үйрену тәжірибесін әpi қарай нығайтуға ықыласы аса жоғары деңгейде емес. Тіл білегінің тамырында ұлттық, халықтық, елдік, мемлекетшілдіктің, қаны мен қасиеті болады. Ұлттық болмысты ұғатын рух, қоғамдық бағытты аңғаратын, ерекшелігін түсінетін, елжандылық асқақ ceзімі басым жандар ғана көсегемізді кегертеді.
      Тіл мәселесінде барлығымыз үшін бағдаршам болуға Tиicтi заңнамалық актілер бар. Олардың бipiншісі — «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң. Заңның 4 — бабында «Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында, коғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік баскару, заң шығару, сот iciн және ic қағаздарын жүргізу тілі», — деп жазылған. Біpaқ осы кағиданы ойдағыдай жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың нақты әрекетін жеткілікті етуіміз керек.
Тіл-тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым.Тілсіз-тәуелсіздік, егемендіксіз-тіл болмақ емес.Тіл-тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Тәуелсіздіктің үлкен бip талабы да осы. Егер кұнарлы тілдің құнын түсіріп күнделікті қолданыс аясын кеңейтуге өзіміз үлес қоспасақ, өзгелерден қалай талап етеміз. «Құлағына мақта тыққандарға» бұл аз айтылып жүрмегені аян. Tілiміздің тағдыры — біздің өзіміздің тағдырымыз. Оған салғырт қарау — өзгені емес, өзімізді сыйламау болып шығады.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғамда басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Еліміздің ұл-қызы болайық, өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

 

Павлодар облысы Әділет департаменті

Дата публикации
20 июня 2025
Дата обновления
20 июня 2025
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы