"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 115-VIII Заңымен "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына заңды тұлғаларды тіркеу бөлігінде резидент заңды тұлғаларды тіркеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны құру процесін автоматтандырылған режимнен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері тіркеу режиміне ауыстырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеу мерзімі бір сағаттан бір жұмыс күніне дейін ұлғаяды.
Бұдан басқа, егер заңды тұлғаны шетелдік азамат құрса, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжат қосымша сұратылатын болады.
Жоғарыда аталған түзетулер 2024 жылғы 7 қаңтардан бастап күшіне енеді.