Құқықтық мониторингін жүргізуінің тәртібі
Құқықтық мониторинг ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынақайшыкелетін, ескірген, сыбайласжемқорлықжәнетиімдііскеасырылмайтынқұқықнормаларынанықтау, сондай-ақ, оны жетілдіружөніндеұсыныстарәзірлеуарқылызаңнаманыңтиімділігінбағалау мен болжаумақсатындажүргізіледі.
Мемлекеттікоргандарөздерiқабылдағанжәне (немесе) әзiрлеушiлеріболған не өздерініңқұзыретінежататыннормативтiкқұқықтықактiлердiңмониторингiнжүзегеасырадыжәнеоларғаөзгерiстержәне (немесе) толықтыруларенгiзунемесеолардыңкүшiжойылдыдептанужөнiндегiшаралардыуақтылықабылдайды.
Құқықтық мониторинг жүргізукезіндемемлекеттікоргандардыңҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленгентәртіппенқоғамдықжәнеғылымиұйымдарды, азаматтардытартуғақұқығы бар.
Мемлекеттікоргандарқұқықтық мониторинг жүргізгенкездеҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметіайқындайтынуәкілеттіұйымжүргізгензаңнаманыңтиімділігінеталдау (нормативтікқұқықтықактілергеталдау) нәтижелерінпайдалануымүмкін.
ҚазақстанРеспубликасыныңқұқықтықмониторингінжүргізумынадайкезеңдерді:
1) құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпарат жинауды, жинақтап қорытуды және талдауды;
2) талдамалық анықтама не құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтама жасауды;
3) құқық нормаларында кемшіліктер анықталған жағдайда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді;
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларындағы, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілердегі ақпаратты;
2) мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына шолуларды;
3) "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізген заңнаманың (нормативтік құқықтық актілердің) тиімділігін талдау нәтижелерін;
4) азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау мен жинақтап қорыту және прокурорлық қадағалау актілерін, мемлекеттік органға нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты келіп түскен сот шешімдерін қарау нәтижелерін;
5) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды;
6) қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар өткізетін заңнама нормаларын қолданудың қоғамдық мониторингі қорытындыларын (ұсынымдарын);
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингін жүргізуі нәтижелерін;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурстарында, оның ішінде ғылыми жарияланымдарда қамтылған ақпаратты;
9) нормативтік құқықтық актілердің құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін;
10) құқыққолданупрактикасыбойыншастатистикалықдеректерді;
11) заңнаманыжетілдірубойыншаталдауматериалдарын;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстары мен ескертулерін пайдаланады.
Жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін жылына екі рет бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін) және жылдың (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындысы бойынша ақпаратты Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Орталық мемлекеттік органдар қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді және корпоративтік порталда орналастырады.
Мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары ақпаратты облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдарына жібереді. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдары жинақтап қорытылған ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін (ағымдағы жылғы 15 шілдеге дейін және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін) жібереді.
Әділет органдары мемлекеттік органдармен бірлесіп кезең-кезеңімен, бірақ жарты жылда кемінде бір рет анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингі нәтижелерін қарайды.
Нормативтік құқықтық актілерді
тіркеу бөлімінің бас маманы,
«ҚЗО» РҚБ мүшесі Котиева М.