Меню

Страницы

Статья

Нормативтік құқықтық актілерді келісу тәртібі

Нормативтік құқықтық актіні келісу ол қабылданғанға дейін жоба түрінде жүзеге асырылады.

         Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу олардың құзыретіне орай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтік құқықтық актінің жобасын келісудегі мұндай мүдделілік онда қаралатын мәселелердің мән-жайы негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып белгіленеді.

         Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бұрын сараптамалық және қоғамдық кеңестердің құрамына қатысу шеңберінде өкілдері өздерінің сараптамалық қорытындыларын ұсынған мүдделі ұйымдарға келісуге жіберілмейді.

         Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы сараптама кеңестерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындылары алынғаннан және басқа да мүдделі ұйымдармен, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсынылады.

         Әзірленген жобаға реттеушілік әсерге жүргізілген талдау нәтижелері және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастыру туралы ақпарат қоса беріледі.

         Заңның 35-1-бабы негізінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерінің әзірленген жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.

         Жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары аумақтық әділет органдарына міндетті түрде келісуге жіберіледі.

         Әділет органдарына жіберілген кезде әзірленген жобаға мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу нәтижелері, сараптамалық қорытындылар, ұсынымдар, түсіндірме жазба, енгізілетін әрбір өзгеріс және/немесе толықтыру қою қаріппен жазылып (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда), олардың әрқайсысы бойынша жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларына (болған жағдайда) сілтеме жасалған дәлелді негіздемелері көрсетілген бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі, жария талқылаулардың нәтижелері, сондай-ақ осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, жүргізу міндеттілігі тиісті саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін Заңда және/немесе заңнамалық актіде көзделген сараптамалардың нәтижелері қоса беріледі.

         Келісу барысында алынған ұсынымдармен, ескертулермен және ұсыныстармен келіскен кезде әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің пысықталған жобасын әділет органдарына жібереді.

         Алынған ұсынымдармен және/немесе сараптамалық қорытындылармен келіспеген жағдайда әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті негіздемелері бар мүдделі органдар мен ұйымдардың атына әзірлеуші мемлекеттік органның жауаптары қоса беріледі.

         Келісуге нормативтік құқықтық акт жобасының туынды түрі де, ол бекітілетін негізгі нормативтік құқықтық актінің жобасы да ұсынылады.

         Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасына әділет органдарына жіберілген кезде реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың және/немесе реттеушілік әсерге баламалы талдаудың нәтижелері және Комиссияның оны мақұлдауы туралы хаттамалық шешім қоса беріледі.

         Әзірленген жоба мен оған қоса берілетін құжаттар МО ИП арқылы электрондық құжат айналымы шеңберінде әділет органдарына және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге орталық немесе жергілікті орган басшысының, басшы орынбасарының не тиісті жергілікті органның аппарат басшысының немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің не оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылып, қазақ және орыс тілдерінде *docx форматында жіберіледі.

                   Бұл ретте электрондық құжат айналымы кезінде жобаны ЭЦҚ арқылы әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы келіседі, ал қағаз құжат айналымы кезінде тиісті жобаны келісуге жіберген мемлекеттік органның көрсетілген лауазымды адамы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам нормативтік құқықтық акт жобасының барлық парақтарын дәйектейді.

  1. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасын келісуді әділет органдары, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар, егер заңнамада өзге мерзім белгіленбесе, ол келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.

      Бұл ретте әділет органдары нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасын келісуді нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасын барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар келіскеннен кейін жүзеге асырады.

         Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай себебінен уақытша шектеу іс-шараларына, оның ішінде карантинге байланысты не "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) шешімдерін іске асыру үшін әзірленген жобаны келісу ол келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

          Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

          Алынған ұсынымдар, ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған, сондай-ақ олармен келіспеген жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасын қайта келісу ол қайта келісуге келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде, ал осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жобалар бойынша бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

         Мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.

         Алынған ұсынымдармен, ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және/немесе ұйымдармен келісу консультацияларын жүргізеді.

         Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындылары бойынша әділет органдары және келісуші мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынады:

      1) ескертулерсіз келісу;

      2) пысықтауға қайтару;

      3) заң техникасы бойынша пысықтауға қайтару;

      4) келісуден бас тарту.

         Бұл ретте жобаларды заң техникасы бойынша пысықтауға қайтаруды әділет органдары заң техникасының сақталмауына байланысты және жобаның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соқпайтын ескертулер бойынша жобаларға қатысты жүзеге асырады. Пысықталғаннан кейін мұндай жобалар басқа мүдделі органдармен және ұйымдармен қайта келіспей әділет органдарына жіберіледі.

         Пысықтауға қайтару немесе келісуден бас тарту туралы жауап болған жағдайда нақты ескертулер және (немесе) ұсыныстар қаралған жобаның тиісті нормаларының негіздемелерімен және (немесе) ұсынылатын редакцияларымен бірге ұсынылады, олар келісуші мемлекеттік органның құзыретіне тікелей қатысты болуға тиіс.

         Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу кезінде электрондық түрдегі жауаптар орталық немесе жергілікті орган басшысының, басшысы орынбасарының не тиісті жергілікті органның аппарат басшысының немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылады.

         Әділет органдары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіскен кезде жауап жергілікті органдар үшін аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады.

         Нормативтік құқықтық актінің жобасына оның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соғатын түзетулер енгізілген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган ескертулерсіз келісу туралы жауап алу мақсатында жобаны қайта келісуді жүргізеді.

         Әділет органдарынан ескертулерсіз келісу туралы жауап алынғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасы түпкілікті келісілген болып есептеледі және оны бекітуге болады.

Дата публикации
19 августа 2024
Дата обновления
19 августа 2024
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы