Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік тіл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі екені айдан анық. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасы әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілімізді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға ҚР барша азаматарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға.

Мемлекет ана тілін сақтауы және дамытуы үшін барлық жағдайды жасап беріп отыр. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми қазақ тілімен тең қолданылады. Қазақстан азаматының ана тілін  қолдануына қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін  таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды. Ұлттық топтар жинақы тұратын жерлерде іс-шаралар өткізілген кезде олардың пайдалануы мүмкін.

ҚР тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемітуге жол берілмейді. Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттер ҚР заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады. Көрдіңіз бе, еліміздегі тең құқықтық шет-шегі жоқ.     

Сондықтан осынау жеңілдіктерді жүрегімен сезінген нағыз қазақстандықтар біздің ана тілімізді меңгеруге талпынулары тиісті.

 

Құқықтық түсіндіру және

заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің

басшысы   А. Сергазинов

Дата публикации
19 июля 2024
Дата обновления
03 августа 2024
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы