Казіргі кезде тіл тақырыбының өзекті де, маңызды практикалық мәселесінің бірі - қазақ әліпбиі. Кәзіргі кезде қазақ тілі үшін маңызды нәрсе - таңбаның қандай екендігінен гөрі, әліпбидің қандайлығы. Егер біз осы мәселенің басын ашуға талпынсақ, онда көзіміз - қазақ әліпбиі деп жүрген кәзіргі әліпбидің қазақ тіліне қатысы шамалы екеніне көз жетер еді. Сонда қарыпқа емес, маңызды нәрсе болып табылатын әліпбидің мазмұнына назар аударар едік. Ел тарихында бірнеше әліпбилер болды.
Қазақ әліпбиі - қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.
1912 жылы Ахмет Байтұрсынов атамыз араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуын жаңартып, осы ісімен миллиондаған қандастарымызға бұл әліпбиді қолдануға мүмкіндік берді. Араб тіліне ғана тән және қазақ тілінде мүлде қолданыста жоқ әріптерді алып тастап, қазақ тіліне тән әріптерді еңгізді. Жаңа емле яғни жаңа орфография деген атқа ие болған бұл жаңа әліпби Ауғаныстан, Қытай, Иранда тұратын қандастарымыз арасында қолданады. Ал, біздің елімізде бұл әліпби 1917 жылдан бастап еңгізіле бастады. Бұл әліпбиді басқаша төте жазу деп те атайды.
Араб әліпбиінен кейін 1929 – 1939 жылдар аралығында латын әліпбиі оқытылған.Қазақстанда жаңа әліпбиге көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болған.1940 жылы біздің әліпбиіміз кирилл графикасына негізделген әліппеге алмастырылды. Қазіргі күні қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Олардың 33-і орыс графикасына негізделсе оның 9-ы қазақ тіліне тән әріптер.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алған. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзетеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кездегі интелегенция жаппай мойын бұрған. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат еткен. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларын баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылыпты. 1926 жылы ғалым «Әліпбидің» жаңа түрін жазған екен. Алғашқы білім мен дағдыны меңгертуге арналған сауат ашу оқулығы (араб әліпбиінің “алиф” және “ба” деген екі әріпінен құралған). Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілген екен. 19 — 20 ғасырларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс әліпбиімен жазылған. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы. Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” (Орынбор, 1864), “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрген. Алайда “Қазақ хрестоматиясы” сауат ашуға арналған әліппе емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық болған.20 ғ. басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын бірнеше ғалымдар әліппе оқулықтарын шығарған екен.
19 ғ. аяғында Ресей үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға бастады. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы мәселе ресми түрде қолға алынды. Алғашқы әліпбилер жасала бастады. Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: ă –<ә>, ŏ- <ө>, у –< ү>, і – <і>, ы – <ы>, н – <ң>, к-,<қ>, г – <ғ>. Орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын) қолданбады.
Дегенмен, Кеңес үкіметінің жүргізген саясатына байланысты 1930 жылдардың ортасы мен соңына қарай ұлттық республикаларда орыс тілі ортақ қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданыла бастады. 1940 жылы орыс графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі қабылданды.
Қазақ алфавиті. Казіргі қолданыста жүрген қазақ алфавитінің тарихы
Әліппе – сауат ашу оқулығы. Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 19 – 20 ғасырларда оқу – ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс әліпбиімен жазылды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» (Орынбор, 1864), «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрді. Алайда «Қазақ хрестоматиясы» сауат ашуға арналған әліппе емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімімен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық етеді. Бұдан кейін А.Е.Алекторовтың «К мудрости ступенька. Азбука для учеников начальных русско-казахских школ» (1891), А.В.Васильевтің «Букварь для киргизских школ» (1912) сияқты тағы басқа әліппелер жарық көрді. Олар екі бөлімнен (қазақша және орысша) тұрды. Оның авторлары К.Д.Ушинскийдің басқа ұлт балалары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана тілінде сауат ашу қажет деген қағидасын ұстанды. Бірақ қолданылған әліппелер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін түгел бере алмады. 20 ғасырдың басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын қазақ зиялылар қауымы өсіп жетілді. Олар халықты сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды. Түркі зиялыларын біріктірген «Жәдитшілер ұйымының» бір топ мүшелері қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді көздеді. М.Нұрбаевтың «Әліппесі» (Уфа, 1910), З.Ерғалиұлының «Қазақ әліппесі» (Қазан, 1910), М.Малдыбаев пен Ж.Аңдамасовтың «Қазақша ең жаңа әліппесі» (Қазан, 1912), К.Сырғалиннің «Қазақша әліппе кітабы» (Қазан, 1913) таға басқа осындай серпілістен туған алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба алмады. Ал ғұлама ғалым А.Байтұрсыновтың жаңа әліпбиі (төте жазу) үлгісімен жазылған. «Оқу құралы» (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздердің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылды. Ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолдану ерекшеліктері қарастырылды. 1925 жылы А.Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған «Жаңа Әліп-биді» (Қызылорда, 1927) ұсынды. Әліппе – оқу мен жазуға үйрететін тұңғыш оқулық. Бірақ осы әліппе сөзінің қалай пайда болғанын жұртың бәрі бірдей біле бермейді. Ол араб алфавитінің бірінші әрпі «алиб» пен содан кейінгі әрпі «би»-ден құралып, сауат ашу құраралының атауына айналып кеткен. Бұл сөз тілімізге араб жазуын пайдаланған ертерек кезде еніп, 1929 жылы латын, ал 1940 ж. осы күнгі орыс алфавитіне көшкенімізден кейін де, мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған балалардың алдымен танысатын сүйікті оқулығының атауы болып қалып қойды.Адам баласы талай замандар бойы жасаған, жинаған білімнің асыл қазынасына алғаш жол ашатын оқу құралы деп әліппені үлкен де, кіші де сүйіп қастерлейді.Біздің еліміздің балалары оқулықтарды тегін пайдаланады, күтіп ұстап, оқу жылының соңында мектеп кітапханасына тапсырады. Бірақ әліппені білімнің нұрлы жолына тұңғыш басқан қадамдарының ескерткіші ретінде өздеріне қалдырады.ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Адам баласы тек біліммен ғана биіктерді бағындырып, жетістікке қол жеткізе алады. Біздің еліміз жас, оған алдыңғы қатарлы мемілекеттердің арасынан орын алуы өте қажет. Сонда ғана біздің халқымыз жақсы өмір сүретін болады. Ол үшін еліміздің өркендетіп, дамытатын білімді адамдар керек.Білімді балалар – Қазақстанның болашағы. Білімге бастау болатын алғашқы кітап «Әліппенің» алатын орыны ерекше екендігі осыдан көрінеді.
Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды[1].2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілді[2][3]. 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2018 жылғы 19 ақпанда осы қаулыға түзетулер енгізілді.[4].. Мұны өткен ғасырда Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары мен кешегі Бауыржан Момышұлы секілді ұлт тұлғалары сан рет айтты, сол үшін күресті де. Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырда: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ал сол тіл арқылы қалыптасқан мәдениеттің кейінгіге дәнекері қатталған қағаздағы таңба. Осы тұста біз тұтас халық болып тамаша шешімге келдік. Жұдырық болып жұмылып, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауға, үйренуге, үйретуге талпындық. Себебі біз таңдаған бағыт, біз таңдаған жол жаһандану дәуірінде жаңа биіктерге бастайтын қадам екендігіне сеніммен қараймыз.
Бүгінде әлем халықтарының 1,5-2 миллиардқа жуығы латын әліпбиін пайдаланады. Кириллицаны ұстанып отырғандар саны бар болғаны 300 миллионды құрайды екен. Сондықтан егемен қазақ елі білімнің, ғылымның, IT технологияның төріне, өркениеттің өріне жетелейтін сара жолға түсуі керек. Әлемде озық 30 мемлекеттің 22-сі латын әліпбиін қолданады, ал экономикасы қарыштап дамыған ең мықты 10 мемлекеттің – 7-еуі, әлемдегі ең бай 20 мемлекеттің 18-і латын әліпбиін қолданады. Ал кирилл жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады.
Сонымен қатар латын графикасы ақпараттың тілі. Оған дәлел, 2005-2015 жылдары 12,5 миллион мақала жарық көрсе, соның 55-75 пайызы латын графикасында жазылыпты. Ең көп сілтеме жасалатын ғылыми мәтіндердің – 61 пайызы латын, 2,7 пайызы – кирилл қарпінде екенін ғалымдар мен сарапшылар алға тартып отырғаны қай-қайсысымызды да ойландырса керек. Сондай-ақ, физикадағы бірліктер жүйесі, химиядағы элементтердің периодтық кестесі, математикадағы, биологиядағы, географиядағы, және тағы да басқа ғылымдардағы таңбалар, шартты белгілер осы латын әліпбиінде таңбаланады.
Ендеше бұл біздің ешбірімізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі біздің тұрмысымызға әлдеқашан еніп кетті. Сондықтан бұл құбылыс қазаққа тосын дүние болмадыКіші маштабта қарар болсақ – латын графикасы түбі бір түркі жұртының ортақ таңбасы да болмақ. Байқап қарасаңыз, бауырлас халықтардың басым бөлігі, яғни, 58 пайызы латын графикасын қолданады. Бұл тізімге бізден басқа қырғыз, татар, якут, башқұрт, чуваш кірмеген екен. Ал жоғарыдағы пайыздық көрсеткішті жақын жылда Қазақстан арттыра түспек. Осылайша тасқа қашалған тарихы мен таңбасы ортақ түркі жұрты техника тілінде де түсінісетін болады. Түйіндей келгенде, латын графикасына негізделген әліпби – түркі әлемінің тұтастығының, ықпалдастығының төте жолы болмақ.
Жаңа әліпби – азаттығымыздың айғағы, қоғамдық санамызға қозғау салатын құбылыс. Біз төл әліпбиімізді тілдік ерекшеліктерімізге сай жасай отырып, халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік аламыз. Ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашылып, өзіндік ізі қалдыруға мүмкіндік туады.
Қорытынды
«Әліппе» ол араб алфавитінің бірінші әрпі «алиб» пен содан кейінгі әрпі «би»-ден құралып, сауат ашу құралының атауына айналып кеткен. Бұл сөз тілімізге араб жазуын пайдаланған ертерек кезде еңіп, 1929 жылы латын, ал 1940 жылы осы күнгі кирилл әліпбиіне көшкенімізден кейін де, мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған балалардың алдымен танысатын сүйікті оқулығының атауы болып қалып қойды.Адам баласы талай замандар бойы жасаған, жинаған білімнің асыл қазынасына алғаш жол ашатын оқу құралы - әліппе. Әліппені үлкен де, кіші де сүйіп қастерлейді. ХХІ ғасыр – білім ғасыры әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ескіні жаңғырту, өткенді еске түсіру арқылы көтеген жұмыс түрлері жүргізілуде.Біздің еліміз жас, оған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасынан орын алуы өте қажет. Сонда ғана біздің халқымыз жақсы өмір сүретін болады деп сенемін. Ол үшін елімізді өркендетіп, дамытатын білімді адамдар қажет деп санаймын. Осы мақсатта еліміз 2025 жылдан бастап тілдерді еркін әрі тез меңгеру үшін латын әліпбиіне көшуді көздеп келеді. Латын әліпбиі жарқын жол ашатынына сенемін. Бүгінде ақпараттық технология тілі, негізінен, ағылшын тілі екені айтпасада түсінікті. Нақтырақ айтсақ латын тілі. Латын тілі өлі тіл болса да, ғылымдағы орны зор. Мәселен, медицина саласында ғалым болу үшін латын тілін білуіңіз шарт. Себебі медицина терминдерінің басым көпшілігі - латын тілінде. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Павлодар облысының Әділет департаменті