Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, егер заңдармен өзгеше көзделмесе, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.
Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде үш адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.
Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер аймақтық қоғамдық бірлестіктерге жатады.
Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады.
Республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктер өз мәртебесін растау үшін тіркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы бірлестікті тіркеген органға құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндетті.
Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, Республикалық нотариаттық палатаны, Республикалық адвокаттар алқасын, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасын, Қазақстанның Төрелік палатасын, Республикалық Заң консультанттары алқасын мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүргізеді.
Құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерін есептік тіркеуді, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Бірлестігі: құрылтай съезінде (конференциясында, жиналысында) қабылданған Жарғы; съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған Жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы; тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты жерін, үй-жайын көрсете отырып, қоғамдық бірлестіктің бастамашы азаматтарының тізімі қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат; мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органға мынадай құжаттарды тапсырған жағдайда жүзеге асырылады: 1) тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш; 2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның екi дана етiп жасалған жарғысы мен бағдарламасы; 3) саяси партияның құрылтай съезiнiң (конференциясының) хаттамасы; 4) саяси партия мүшелерiнiң тiркеушi орган белгiлеген нысандағы және осы баптың 6-тармағының талабына сай келетiн электрондық және қағаз жеткiзгiштегi тiзiмдерi; 5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алымның төленгенi туралы құжат.
Саяси партияны құру үшін саяси партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес нысан бойынша саяси партияны құру ниеті туралы хабарлама ұсынады: 1. саяси партияны құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (EXCEL форматында) және қағаз жеткізгіштерде тізімі және Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер;
2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжамды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжамды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер көрсетілген ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасын.
Тіркеуші орган хабарламаны және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күні Ұйымдастыру комитетінің уәкілетті тұлғасына Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша олардың ұсынылғанын растайтын құжаттардың ұсынылғаны туралы растама береді.
Саяси партияларды тіркеу кезінде қосымша ұсынылады:
партияның бағдарламасы; құрамында барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және Астанада партияның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан кемінде жиырма мың партия мүшесі болуға тиіс, Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (EXCEL форматында) және электрондық нысанда партияның кемінде алты жүз мүшесі бар партия мүшелерінің тізімдері қағаз тасығыштарда.