Меню

Страницы

Статья

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы

Әркімнің қорғануға құқығы бар екенін бәрі біледі. Бірақ оның адвокат, заң консультанты немесе басқа да құқықтық қорғау объектісін жалдауғы мүмкіндігі болмаса, оған бюджет есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілетінін бәрі біле бермейді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

Өмірде азаматтың, нотариустың немесе басқа құқықтық қорғау субъектісінің қызметтерін ақылы негізде пайдалану мүмкіндігі болмайтын жағдайлар болады

Мұндай жағдайларда мемлекет есебінен кепілдендірілген заң көмегін алуға мүмкіндік береді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі заң актілерінде белгіленген жағдайларда және тіртіппен соттарда, қылмыстық құдалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда құқықтық ақпарат, құқықтық кенес беру, жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру нысанында Қазақстан Республикасының  «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі.

Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі:

      -алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;

      -мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

      -асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      -жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      -Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

      -кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

      -кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

-Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;

            -Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;

          -Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

      Заң көмегін өз құзыреті шегінде көрсетеді:

      -мемлекеттік органдар;

     -адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары;

      -заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 декабря 2023
Дата обновления
11 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы