Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсім.
Тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
Құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде тұлға ауыртпалықты тоқтату үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 460 бабының 1 тармағымен көзделген ескерту түріндегі жауаптылыққа әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тіркеу қызметі саласындағы
әдістемелік қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің бас маманы
«ҚЗО» РҚБ
Павлодарлық филиалының мүшесі Қ. Айдархан