Меню

Страницы

Статья

Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады

Азаматтың туу фактісін растайтын туу туралы куәлік маңызды құжаттардың бірі болып табылады, оны әр адам өмір бойы мұқият сақтау керек. Белгілі бір жағдайларда, дәл осы құжат осы адам мен оның ата-анасының туыстығын растауға негіз болады. Көбінесе көп құжаттардың арасында куәлік табылмайтын жағдайлар кездеседі.

Сондықтан жоғалған туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатындығын білу маңызды. Заңнамада жоғалған құжаттарды қайта алу тәртібі қарастырылған. Азаматтық хал актілеріне қатысты құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актіге сәйкес куәліктің көшірмесін мына адамдар ала алады: кәмелетке толған азаматтар өздері үшін; заңды түрде кәмелетке толмаған азаматтың мүдделерін білдіретін адамдар; қайтыс болған адамның жақын туыстары; ата-аналар немесе қамқоршылар; сенімді тұлға; мемлекеттік органдардың ресми өкілдері. Басқа тұлғалар, сондай-ақ өз баласына деген ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар қайталама туу туралы куәлік ала алмайды.

Көбінесе куәлік қайтыс болған адамның туыстарына мұра алу үшін қажет. Олар қайтыс болған адамға туыстық қатынасын дәлелдеуі керек, ондай ақпарат паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілмейді. Адамның туылғанын растайтын құжаттың көшірмесін алу үшін қалпына келтіруге негіз болып табылатын қажетті себептерді көрсету қажет. Оларға мыналар кіреді, мысалы: құжатты жоғалту немесе бүліну. Егер құжат бүлінсе және одан белгілі бір мәліметтерді оқу мүмкін болмаса (мөрі оқылмайтын болса), оны ауыстыру қажет. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкерлеріне бүлінген құжатты ұсыну керек.

Жоғалтқан үшін айыппұл төлеу заңда қарастырылмағанын білу маңызды. Бірақ кез-келген жағдайда, құжатты қалпына келтіргенде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төлеу керек (1 АЕК мөлшерінде).

Қайда барып қалпына келтіруге болады? Қайталама куәлікке бірнеше жолмен тапсырыс беруге болады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру:

1)  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

3) Шетелден қайталама куәліктерді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды сұратқанда көрсетілетін қызметті берушіге АХАТ органдарына жүгіну қажет.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі:

          азаматтық хал актісін Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу кезінде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру - 3 (үш) жұмыс күні;

          АХАЖ АЖ-нде актілік жазба болмаған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа, қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлана отырып, ұзартылады.

          портал арқылы жіберген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама жеке кабинетке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі;

          Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеу бойынша, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, актілерді қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларды алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер экстерриториялық принципімен көрсетіледі. Бұл дегеніміз, құжаттар (туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік) жоғалған жағдайда азамат Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне, туылған жеріне немесе актілік жазбаның орналасқан жеріне қарамастан, ХҚКО-ның кез-келген бөлімшелесіне жүгініп, қайталама куәлік (анықтама) ала алады.

 

 

Дата публикации
10 октября 2023
Дата обновления
10 октября 2023
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы