Меню

Страницы

Статья

Борышты өндіріп алу

Елімізде өтелмеген  борыштарды қайтарып алу ерекше  өзекті мәселе күйінде қалшып отыр. Борышкер өз еркімен қарызын қайтармаған кезде кім де болса сотқа жүгінетіні белгілі.

Сот актілерін орындауға  байланысты күшіне енген үкімдер, шешімдер, қаулылар, анықтаулар барлық қатысушылар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының аумағында бұлжытпай орындалуға жатқызылған.

Құжат заңды күшіне еніп, мәжбүрлеп орындатқызылуға жіберілген соң борышкер үшін  сот орындаушысымен жұмыс істеу басталады.

Сот орындаушысы сот актілерінің орындалуын  қамтамасыз ету бойынша  мынандай шаралар қабылдайды: борышкерің меншігіндегі, ол жеке немесе заңды тұлғаға бере тұрғанмүліккенемесе  ақшасына (оның ішінде несие және қамсыздандыру бойынша), құнды қағаздарынаарест қою; борышкердің өзіндегі  не болмаса басқа жеке немесе заңды тұлғада  тұрған мүлігін алып қою; борышкерге  белгілі бір іс-қимыл жасауға тыйым салу. Борышкердің меншік құқығындағы мүлкі немесе ақша қаражатымен пайдалануына тыйым салу немесе сот орынлаушысы белгілеген шекте ғана пайлалануға нұсқау беру.  Құқық белгілейтін құжаттарын алып қою.Басқа тұлғалардың борышкерге мүлік беруіне немесе оған қатысты басқа да міндеттемелерді орындауына тыйым салу. Қажет болған жағдайларда орындаудың бірнеше түрлері қолдагылуы мүмкін.

Борышкер сот актісінің дер уақытында орындалуына кедергі келтіретін әрекет  жасаған жағдайда: сот орындаушысына келуден жалтару, жұмыс орнын немесе тұрғылықты жерін ауыстыру, жөнінде хабарламау, талаптарды орындамау, кедергі келтіру бойынша шаралар түрлері қарастырылады.

Кедергі келтіру көріністері мыналар: сот орындаушысына тұрғын немесе басқа бөлмелерді, борышкердің мүлкі сақталуы мүмкін қоймаларды қарауға шектеу жасау. Сот орындаушысының өз қызметтік міндеттерін орындауына, яғни сот актісін орындауы мүмкін болмайтындай оған кедергі болуға бағытталған  белсенді әрекеттерді (әрекетсіздік) қасақана жасау.

Сот актілерін, басқа да қаулыларды орындамау  болып, алатын табыс көздерін жасыруға бағытталған әрекеттер (жұмыс орнын жасыру, жеке кәсіпкерлік ашу, оның ішінде тасымалдаумен айналысу, табыс әкелетін жеке қосалқы шаруашылық жүргізу)  ғана емес, борышкерлердің жұмысқа орналасуға құлықсыздығы да танылады.

Сот орындаушысының  атқарушылық өндірісі шегіндегі шара қабылдау жөніндегі барлық іс-қимылы күштеп орындату шарасы ретінде қаралады және борышкердің орындаудан жалтаруын дәлелдейді.

 Орындаудан жалтару әкімшілік жауапкершілікке, соңынан қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Күштеп орындату борышкер үшін қандай да бір болмасын материалдық игіліктен айыратын, қолайсыз  салдары болатындықтан (мысалы, мүлік, пәтердегі үлес, ақша және т.б.) борышкер өзінің  борыштарын төлемей және өз игілігінен айрылғысы  келмеуі оның орындаудан жалтаруы болып табылады.

Сондықтан сот орындаушысы заңда қарастырылған жағдайларда кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘҚт К 669-б.1-б.) немесе қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК 430-б.) тарту мәселесін қарастырады.

 ҚР ӘҚт К 669-б.1-б.сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау – жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

ҚР ҚК430-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау

Заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау – сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Борышкердің  сот актісін орындаған сияқты болып көріну үшін міндеттемесін  толық немесе айтарлықтай көп мөлшерде орындауға мүмкіндігі бола тұра азғантай ғана ақша қаражатынаударуы орындаудан жалтарудың бір түрі ретінде қарастырылады.

Борышкер  сот актілерін және атқарушы құжаттарды  орындаудан жалтарған кезде өндіріп алушы өздігінен кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті органдарға жүгінуге құқылы.

Қорытындылай келе, кез келген үмітсіз деп саналған борыш іс жүзінде ондай болып табылмайды, өндіріп алуда жаңа технологияларды қолдану борышты өндіріп алудағы күнделікті үйреншікті жұмысты шығармашылық қызметке айналдыра алады деп айта аламын.

 

«Павлодар облысының әділет департаменті» 

    РММ «Сот актілерін орындау жөніндегі Ақтоғай ауданаралық                  

аумақтық бөлімі» филиалының

Басшы- Аға сот орындаушы   Жакенова Л.Е.

Дата публикации
15 сентября 2023
Дата обновления
15 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы