Өздеріңіз білетіндей, нормашығармашылық қызмет құқық қолдану практикасы проблемаларының құқықтық идеялары мен шешімдерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік органдар жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, заң жобалау жұмысын жүргізуге, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу әділет органдарының алдында тұрған міндеттер болып табылады.
Қолданыстағы құқықты құрайтын актілердің жиынтығын, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, бір сөзбен айтқанда өңірлік нормашығармашылықты, яғни жергілікті деңгейде функциялары жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар, жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер мен әкімдерге берілген нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Өңірлік норма шығарудың сапасын жақсарту-әділет органдарының алға қойған мақсаттарының қозғаушы элементтерінің негізіне кіреді.
Осылайша, белгілі бір заңнамалық актіні орталық деңгейде шығару оны тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы жергілікті деңгейде жүзеге асыруды білдіреді.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласында үлкен жұмыс жүргізіп, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тәртібін айтарлықтай өзгертті, норма шығарудың, оның ішінде өңірлік актілердің сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Мәселен, 2018 жылы мемлекеттік органдардың интранет порталының (МОИП) жүйесінде электрондық форматқа мемлекеттік тіркеуді жүргізу жүзеге асырылды, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын тіркеуге дейінгі келісу тетігі енгізілді, сол арқылы мемлекеттік тіркеу мерзімі күнтізбелік отыз күннен бес жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Бұдан басқа, нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде жариялаудың ресми көзі болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкімен МОИП базасын интеграциялау жөнінде шаралар қабылданды, бұл тіркелген нормативтік құқықтық актіні ресми жариялауға жіберу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық тіркеу жүйесін енгізген бірінші ел болып табылады.
Өңірлік норма шығаруды жетілдіруге байланысты жаңалықтардың бірі жекелеген нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын актілер қатарынан шығару болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №408 бұйрығымен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілді, бұл нормативтік құқықтық актілердің тізбесін 18-ге дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №372 Бұйрығымен нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет – порталында заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын орналастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Осылайша, әзірленген нормативтік құқықтық актілер мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі және жария талқылау үшін порталда орналастырылады.
Бұған дейін жобалар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін порталда жария талқылау үшін орналастырылған болатын.
Сондай-ақ, егер жобаға оны талқылау кезеңінде ескертулер түспесе, онда автоматты түрде есеп қалыптастырылады. Егер ескертулер немесе ұсыныстар болса, қосымша талқылау үшін алдын ала есеп жасалады.
Қосымша талқылау кезінде келіп түскен ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды әзірлеуші органдар негіздемелерді көрсете отырып қабылдайды немесе қабылдамайды. Қосымша талқылау аяқталғаннан кейін порталда автоматты есеп қалыптастырылады.
Мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде белгілі бір нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау жөніндегі уәкілетті органдардың белсенді жұмысы байқалады, бұл заң шығару субъектілерінен қажетті құзыреттілік деңгейін талап етеді.
Өз кезегінде Әділет министрлігі Заң жобалау қызметінің деңгейін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Өйткені норма шығару қызметін жетілдіру мәселесі орнында тұрмай, бүгінде жаңа тәсілдерді үнемі іздеуді қажет етеді.