Демалысқа шығар алдында, шетелге шығу әрқашан оңай болмайтынын ұмытпау қажет.
Демалысты жыл бойы күтесіз, жылы мемлекеттерге билетін аласыз, алайда әуежайға келгенде Сізде берешегіңіз болуына байланысты мемлекеттен шыға алмайтыныңызды хабарлайды. Өкінішке орай бұл сұрақты орнында шешіп, баратын жағыңызға ұшу мүмкін болмайды. Билетіңіз күйіп, берешекті жабумен айналысып, уақыт пен қаражат кетіріп, демалысыңыздың орнына жағымсыз жағдай болуы ықтимал.
Сіздерге осындай жағдайдан қалай аулақ болуын және не істеу керектігін айтамыз.
«Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу». Ол кіммен қойылады? Қандай негізде қойылады? Ол жүйе қалай жұмыс істейді? «Шығуға шектеу» еске алғанда көп сұрақтар туындайды.
Өз кезегінде, қарызыңыз бар болуы, Сізге қатысты қандай да бір шектеу қойылған деп есептелмейді. Қарыз сот немесе уәкілетті органмен бекітіледі. Содан кейін атқару құжаты шығарылып, сот орындаушысына мәжбүрлеп орындау үшін жолданады.
Осы шектеуді мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қоя алады.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы: «Сот орындаушысы, атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам; республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.
Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
Сот орындаушысының Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу туралы қаулылары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (әрі қарай - АІЖМААЖ) арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.
Осы АІЖМААЖ базасында Сіз өзіңіздің және жақын туыстарыңызда шығуға шектеу бар жоқтығын тексере аласыз (aisoip.adilet.gov.kz парақшасына кіріп аты-жөніңіз және ЖСН теру арқылы іздей аласыз).
Егер борышкерлер тізімінен өзіңізді тапсаңыз қарызыңызды төлеуіңіз қажет, алайда шектеудің күші автоматты түрде жойылмайды.
Сізді шекарадан өткізу үшін, шекара қызметкерлері сот орындаушысынан тиісті ақпаратты АІЖМААЖ базасы арқылы алуы қажет. Қағаз түріндегі түбіртек, қарызды төлеген туралы анықтамалардың шекара қызметкерлеріне заңды күші жоқ. Осыған байланысты, Сізге міндетті түрде сот орындаушысымен хабарласуыңыз қажет (байланыс телефондары сол сайтта көрсетілген).
Сот орындаушысынан шектеудің күшін жою туралы арқылы тиісті ақпарат АІЖМААЖ базасы арқылы түскеннен соң деректер 24 сағатқа дейінгі уақытта жаңалануы мүмкін, яғни шектеудің алыну процессі нақты неше уақыт екені белгісіз. Сіз базадан бір сағатта немесе бір күнде алынуыңыз мүмкін екенін ескеру қажет.
Жағымсыз жағдайлардың болмау мақсатында, билет сатып алудан бұрын өзіңізді Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сайтынан атқарушылық іс жүргізулері бойынша қарызыңыз бар жоқтығын тексеріп алғаныңыз жөн болады.