Меню

Страницы

Статья

Адвокат пен заң консультантының әрекеттеріне қалай шағымдануға болады

Адвокаттың әрекетіне шағымдану тәртібі.
Адвокат тарапынан бұзушылық болған жағдайда жеке немесе заңды тұлға өзінің құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін адвокат мүшесі болып табылатын аумақтық адвокаттар алқасына жүгінуге құқылы.
Адвокатқа қатысты шағымдарды қарау және тексеру Алқа төралқасының құзыретіне жатады.
Тәртіптік іс анықталған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қаралады.
Тәртіптік істі қарау шағым жіберген адамдардың, сондай-ақ оларға қатысты шағым қаралатын адвокаттар алқасы мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.
Тәртіптік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, шешімге осы шешім жарияланған сәттен бастап үш ай ішінде Республикалық адвокаттар алқасында (бұдан әрі-РАА) немесе сотта дау айтылуы мүмкін.
Егер, РАА, шағымды қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, Сіздің бұл шешімді сотта даулауға құқығыңыз бар.
Заң консультантының әрекетіне шағымдану тәртібі.
Құқықтары бұзылған адамның заң консультантының әрекеттеріне шағымдары болған жағдайда, өзінің құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін заң консультанты мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасына жүгінуге құқығы бар.
Заң консультанттары палатасының мүшелеріне қатысты жаза қолдануды заң консультанттары палатасы жүзеге асырады.
Тәртіптік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, адам оған аумақтық әділет органына және сотқа шағымдануға құқылы.
Шағым тиісті түрде қаралмаған жағдайда аумақтық әділет органы заң консультанттары палатасына нұсқама, ескерту түріндегі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

Дата публикации
18 мая 2023
Дата обновления
18 мая 2023
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы