Меню

Страницы

Статья

Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

Біздің көпшілігіміз әртүрлі себептермен АХАТ тіркеу құжаттарында (туу, неке қию, некені бұзу, қайтыс болу туралы куәлік немесе т.б.) қателер болатын және деректер дұрыс жазылмаған жағдайларға тап боламыз.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112  Бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қалпына келтіру, жою Қағидаларына сәйкес, тіркеуші органдар азаматтық хал актілері жазбаларына төмендегідей негіздер бойынша өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізеді:

1) баланың тегін ата-анасының ортақ тегіне немесе ата-анасының біреуінің тегіне ауыстыру кезінде;

2) некені (ерлі-зайыптылық) қиюға немесе бұзуға немесе некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға байланысты жұбайының (зайыбының) тегін өзгерту кезінде;

3) ата-аналар арасындағы некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуына немесе некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыз деп танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың атын, тегін өзгерту, әкесінің атын алып тастау кезінде;

4) медициналық біліктілік комиссиясының қорытындысы бойынша баланың жынысын өзгерту кезінде;

5) баланың тууы туралы акт жазбасына некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаған анадан баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу туралы, сондай-ақ баланың атын өзгертуге (егер бұл баланың мүдделеріне қатысты болса), баланың әкесі туралы анасының өтініші бойынша көрсетілген (көрсетілетін) мәліметтерді өзгертуге, толықтыруға және алып тастауға өтінішті алған кезде;

6) бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы сот шешіміне байланысты;

7) туу туралы акт жазбасынан баланың әкесі немесе анасы туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты;

8) атын, әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегін ауыстырған кезде;

9) ата-анасының тегі мен әкесінің атының өзгеруіне байланысты кәмелетке толмаған баланың әкесінің аты мен тегін өзгерту кезінде;

10) азаматтық хал актiлерi жазбаларында сот тәртiбiмен дұрыс емес мәлiметтер анықталған кезде;

11) әке болуды анықтау туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда;

 12) егер тууды тіркеу кезінде балаға ата-анасының немесе ата-анасының біреуінің тілегі ескерілмей, тегі немесе есімі берілсе (дау болмаған жағдайда);

  13) егер туу туралы акт жазбасында баланың аты толық көрсетілмесе (кішірейтіп, еркелеткен, қысқартылған болса);

  14) жынысының өзгеруіне байланысты атын, әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегін өзгерту кезінде;

  15) ұлттық дәстүр бойынша тегін әкесінің немесе атасының атынан жасалған тегіне ауыстыру кезінде;

  16) ұлтын, азаматтығын өзгерткен кезде;

  17) азаматтық хал актiлерi жазбаларында ата-анасының аты, әкесiнiң аты, тегі немесе ұлты көрсетiлмесе;

  18) азаматтық хал актiлерi жазбаларында дұрыс емес мәлiметтер көрсетiлгенде;

  19) егер бала iс жүзiнде өзiнiң туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен өзгеше атқа ие болса және бұл баланың мүдделерiнен туындаса;

   20) азаматтық хал актiсiн тiркеу кезiнде қателер (бұрмалау, мәлiметтердi немесе жеке сөздердi қалдырып кету) жіберiлсе;

   21) егер неке қиғаннан (ерлі-зайыптылық) кейін жұбайы басқа зайыбының (жұбайының) тегін таңдаса, қалауы бойынша туу туралы актілік жазбадағы әкесінің аты бойынша берілген тегіне өзгерістер, түзетулер енгізіп, әкесінің атын толықтырғысы келгенде;

   22) қазақ тіліне жат аффикстерді қоспағанда, ұлты қазақ адамдардың тегін, атын, әкесінің атының жазылуын қалауынша түзеткісі келсе.

    Әртүрлі өмірлік жағдайлар болғанда көптеген қиындықтарға байланысты құжаттар дұрыс ресімделмеген кездер болады, сондықтан құжаттарға түзетулер енгізу үшін бізге неғұрлым тезірек хабарлассаңыз, соғұрлым жақсы болады.                   

Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез-келген тіркеуші органға «аумақтан тыс» қағидаты бойынша жүгіне алады.     

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды, АХАЖ АЖ-да актілік жазба болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлама жіберіледі.

Азаматтық хал актілерін, әке болуды анықтауға және бала (қыз бала) асырап алуға байланысты өзгертулер, толықтырулар енгiзудi қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға, түзету және қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгенде төленетін мемлекеттік баж – 0,5 АЕК – 1 532 теңгені құрайды.

Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер тіркеу туралы бастапқы актілік жазба болған кезде, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған жағдайда енгізіледі. Мүдделі тұлғалар арасында дау туындаған жағдайда бұл мәселелер медиация немесе сот тәртібімен шешіледі.

Құрметті азаматтар, кез-келген қызметтерді алуға жүгінген кезде және ақпараттық жүйелеріңізде қағаз жеткізгіштегі құжаттармен сәйкессіздіктерді анықтаған кезде, Сіз «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш бере аласыз немесе тиісті түзетулер енгізу үшін тіркеуші органға (АХАТ органдарына) хабарласа аласыз.

Дата публикации
03 апреля 2023
Дата обновления
03 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы