Меню

Страницы

Статья

ОСИ

2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 284-VІ ҚРЗ. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (ары қарай – Заң) сәйкес 2022ж.30.06 № 130-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабына өзгерістер енгізілді.
Көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 42-бабының 1-тармағында көзделген, көппәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау және кондоминиум объектісінің басқару нысанын таңдау туралы шешім қабылдау үшін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысын өткізуге міндетті.Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады және:көппәтерлі тұрғын үйді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжатты қабылдау-тапсыру актісі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кеңесіне беруге;қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) жиналыс хаттамасы;

3) мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысы (қазақ және орыс тілдерінде 2 данада);
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын квитанция немесе өзге де құжат ұсынылады (тіркеу алымы 1 аек – 3450 теңге).
Құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру арқылы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
13 марта 2023
Дата обновления
13 марта 2023
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы