Enbek платформасында мемлекеттік қызметтер көрсету кезең-кезеңімен жүргізіледі.
1 кезең. Жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу
2 кезең. Дұрыс жұмыс табу
Сіз жұмыс іздеуші ретінде тіркелуге өтініш бергеннен кейін, Enbek платформасы сіздің деректеріңіздің мемлекеттік қолдау талаптарына сәйкестігін тексереді.
3 кезең. Жұмыссыз ретінде тіркелу
Егер сіз тіркелгеннен кейін үш күн ішінде жұмыс орнын таба алмасаңыз, Enbek платформасы сізді автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркейді.
4 кезең. Жұмысынан айырылған жағдайда төлемдер
Enbek электрондық еңбек биржасында жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін сіз жұмысынан айырылған жағдайда төлем алуға өтініш бере аласыз.
5 кезең. Мемлекеттен уақытша жұмыс орындары
Enbek платформасында жұмыссыз мәртебесінде жұмыспен қамту орталығына өтініш беруге және қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орнына және жастар практикасына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алуға болады.