Меню

Страницы

Статья

Мемлекет кірісіне мүлікті тәркілеу

Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушыларының өндірісінде «Мемлекет кірісіне мүлікті тәркілеу» сияқты істердің санаттары бар.

ҚР ҚК 48-бабына сәйкес, мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру.

ҚР ҚК 48-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, тәркілеуге мынадай мүлік жатады: заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түскен табыстарды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша мен өзге мүлiк және осы мүліктен алынған кез келген табыс; қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлiк пен осы мүліктен алынған табыстар ішінара немесе толығымен ауыстырылған немесе айналдырылған; экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыруға немесе өзге де қамтамасыз етуге пайдаланылатын немесе арналған; қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын; осы бөліктің 1), 2), 3) және 4) тармақтарында көрсетілген, сотталған адам басқа тұлғалардың меншігіне берген ақша және өзге де мүлік жатады.

Сонымен бірге, ҚР ҚК 3-тармағына 48-бабына сәйкес, егер осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мүлікке кіретін белгілі бір затты тәркілеу осы затты тәркілеу туралы сот шешімі қабылданған кезде оның пайдаланылуы, сатылуы немесе өзге де себептері бойынша мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін ақшалай сома тәркіленуге жатады.

Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімінде 2022 жылдың басынан мүлікті тәркілеу туралы 143 атқарушылық іс-жүргізулері қарастыруда болған.

Оның ішінде, 61 әкімшілік істер бойынша мүлікті тәркілеу туралы, 82 қылмыстық істер бойынша сотталғандардың мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық іс-жүргізулері.

Жылдың басынан жоғары санаттағы сот актілерін 110 – ның талаптары толық көлемде орындалды.

Дата публикации
28 декабря 2022
Дата обновления
28 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы