Меню

Страницы

Статья

Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу

      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:

      заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн куәландыру;

      Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;

Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.

       Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.

Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.

      Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы, сондай-ақ Электрондық Үкімет Порталы арқылы жүзеге асырылады.

Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап бір сағат ішінде жүргізіледі.

    Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу өтініш берілген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

   "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

   Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

   Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгiлеген нысан бойынша анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайтын құжат болып табылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын

Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі.туралы анықтамада оның берілген жылы, айы, күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, есептік тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күні, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы мен орналасқан жері, филиалды (өкiлдiктi) құрған заңды тұлғаның атауы туралы мәлiметтер қамтылады.

 

 

 

Дата публикации
18 ноября 2022
Дата обновления
18 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы