Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) - осы Заң мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі.
Құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі.
Электрондық тіркеу – тіркеуші органға құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі арқылы түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу.
2018 жылғы 24 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу функцияларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атқарады.
2021 жылғы 26 қаңтардағы № 412-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 23 бабына жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мерзімін қысқарту бойынша толықтырулар енгізілді.
Осылайша Заңының 23 бабының 1-2 тармақшасына сәйкес 1-1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нотариат куәландырмаған мәміленің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Одан басқа Заңының 23 бабының 2 тармағына сәйкес мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс.
Және де Заңының 23 бабының 2-1 тармағына сәйкес ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Сонымен бірге, 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 412-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіндегі 460 бабымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру мерзімдерін бұзғаны үшін өзгертілген әкімшілік жауаптылық алынып тасталды.
2021 жылдың 15 сәуіріндегі № 120/ҢҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен куәліктер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды:
-жылжымайтын мүліктің меншік иесі (авторлық құқық иесі) туралы мәліметтерді қамтитын техникалық паспортқа қосымша;
-жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме;
-жылжымайиын мүлікке тіркелген жә не тоқтатылған құқықтар туралы куәлік.