Меню

Страницы

Статья

Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары

Борышкерлер сот орындаушыларының сот актілерін орындау жөніндегі талаптарын жиі орындамайтын көптеген атқарушылық құжаттар мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының өндірісінде қарастырылуда.

 Осыған орай, сот орындаушылар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 125-бабының 1 – тармағына сәйкес борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қолданады. Бұл ретте борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартудың негізгі себебі сот актісін орындамағаны үшін болып табылады.

 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодесінің (ҚР ӘҚБтК) 803-бабына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысы ҚР ӘҚБтК–нің 669-бабаының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы уәкілетті лауазымды адам жазбаша нысанда жасайды,сонымен қатар, жазбаша нысанмен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың электрондық нысаны да пайдаланылуы мүмкін.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада:хаттама жасалған күнi мен орны;хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса);әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi;өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері;iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын уақыты мен орны көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады.

ҚР ӘҚБтК–нің 669-бабы бойынша сот үкімін, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау –жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Сонымен бірге, бұл талаптар жеке сот орындаушыларының борышкерді сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарын қарау кезінде 669 баптың 1-бөлігіне де сәйкес қолданылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот шешімдері, үкімдері және басқа да шешімдері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға мендетті, сондықтан бұл құжаттар міндетті түрде орындалуға жатады.

Дата публикации
01 ноября 2022
Дата обновления
01 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Қалай нотариус болуға болады!
Ақпарат
11 марта 2026
Қазақ тілі – ұлттың баға жетпес қазынасы
Мақалалар
02 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы