«AdiletGov» мобильді қосымшасы негізіндегі «Тараптар кабинеті» жобасы

ҚР Әділет Министрлігі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде «AdiletGov» мобильді қосымшасының негізінде «Тараптар кабинеті» жобасын іске қосты. «Тараптар кабинетінің» көмегімен атқарушылық іс жүргізу бойынша тараптар (өндіріп алушы, борышкер) өтініш беру, атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысу, жеке сот орындаушысының жұмысын бағалау және төлем жүргізу мүмкіндігі бар.Тараптар кабинетіне кіру үшін:
1. AdiletGov қолданбасын жүктеп алыңыз
2. Бұл қосымшаны пайдалану үшін aisoip.adilet.gov.kz сайтында авторизациядан өту керек 3. Тіркелгеннен кейін сіз тараптар кабинетіне кіре аласызӨндіріс бөлімінде сіз борышкер немесе өндіріп алушы болып табылатын атқарушы өндірістермен таныса аласыз
4. Тараптар кабинетінде сіз өтініш бере аласыз және хабарлама ала аласыз
5. Өтініш беру үшін ЖСО өтініш беру қойындысын таңдаңыз
6. Жолдарды толтырыңыз, мәселенің мәнін көрсетіңіз және ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз
7. Өндірісті іздеу үшін атқарушылық өндіріс қойындысында берілген жолдардың бірін толтыру қажет
8. Әрі қарай сіз атқарушылық іс жүргізу туралы барлық деректерді аласыз
9. Сондай-ақ, толығырақ ақпарат алу үшін құжаттарды pdf форматында жүктеуге болады
Қосымшаны жүктеу үшін QR коды
Дата публикации
17 ноября 2025