Сот бұйрығының талаптарын орындау үшін заң шығарушылар борышкерлерді сот шешімдерін орындауға мәжбүрлеудің әртүрлі әдістерін қолданады. Тиімді әдістердің бірі - борышкерге әкімшілік жаза қолдану.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 669-бабына сәйкес, сот шешімдерін орындамағаны үшін әкімшілік жаза қолданылады.
ҚР ӘҚБтК-нің 669-бапта атқару парағын орындамау мемлекетке төленетін айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатыны көрсетілген.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап әкімшілік жазаның жаңа түрі - міндетті қоғамдық жұмыстар енгізіледі.
Бұл жаза құқық бұзушының жұмыстан немесе оқудан бос уақытында орындаған ақысыз қоғамдық жұмыстардан тұрады. Ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның келісімімен сотпен тағайындалады және 10 сағаттан 100 сағатқа дейін созылады.
Қоғамдық жұмыс құқық бұзушының тұрғылықты жеріндегі қоғамдық орындарда орындалады. Жұмыс істейтін адамдар мен студенттер үшін жаза күніне 1-ден 4 сағатқа дейін, бірақ аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
Жұмыссыздар үшін ол күніне 1-ден 8 сағатқа дейін, бірақ аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жазаның жалпы мерзімі 4 айдан аспауы керек.
Әкімшілік жазаның жаңа түрі енгізілгеннен бері Павлодар облысы Әділет департаментінің Павлодар аумақтық атқарушылық департаменті сотқа 42 іс жіберді және жеке сот орындаушыларының борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы өтініштерін орындады. Олардың ішінде тоғыз борышкер 10 сағаттан 20 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Сот актілерін орындау жөніндегі
Павлодар қаласы аумақты бөлімінің басшысы А. Манкиева