Павлодар облысының Әділет департаменті зияткерлік меншік саласында қызмет туралы ақпарат (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда)
(бөлім басшысы-Тукенов Адиль Ерланович, тағайындалған күні 12.02.2024 жыл, қызметкерлер саны-2, қызметкер бас маман Шарипов Алмас Ардақұлы, тағайындалған күні 09.12.2024 ж.)
Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгісін, географиялық көрсеткішті және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша өтініштер саны – 45 өтініш. ( 2025 жылдың 10 айы-24 өтініш).
Жоспардан тыс тексерулер саны – 2025 жылдың 10 айы – so-Slip – 2 тексеру, Dice – 1 Тексеру, Pandora – 1 Тексеру, Romantic – 1 Тексеру, Versal – 1 Тексеру, көзілдірік – 1, "SPLAT"- 1 Тексеру, "Павлодарский смак" тауар белгілері бойынша 12 жоспардан тыс тексеру жүргізілді - 2 тексеру, "Любимая кроха" – 1 Тексеру," Воѕѕоножка " - 1 тексеру, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 12 әкімшілік хаттама жасалды.) (2025 жылдың 10 айы – Chanel сауда белгілері бойынша жоспардан тыс 3 тексеру жүргізілді - 2 тексеру, Milavitsa – 1 тексеру, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 3 әкімшілік хаттама жасалды.)
2025 жылдың 10 айында 3299595 теңге сомасына 1313 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді, 1 262 172 теңге сомасына айыппұл салынды. (2024 жылдың 10 айында 23 бірлік мөлшерінде контрафактілік өнім тәркіленді, 101 000 теңге сомасына 232 596 теңге сомасына айыппұл салынды).
Географиялық нұсқаулар бойынша ақпарат.
2024 жылдың басынан бастап 15 өтінім берілді, оның ішінде 6 географиялық көрсеткіш тіркелді (Курт сладкий фруктовый Павлодарский, Экибастузская вода, Мука пшеничная Павлодарская, Экибастузские Томаты, Картофель Актогая, Павлодарский картофель.), 3 қарауда, өнімді тіркеу үшін кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі тарту бойынша ЖАО-мен жұмыс жалғасуда.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық түсіндіру жұмыстары 2025 жылдың 10 айында: 22 семинар, 12 дөңгелек үстел, 32 дәріс, баспа БАҚ-тағы 2 мақала, 1 ТВ-да сөз сөйлеу, 73 электрондық БАҚ-та Жарияланымдар өткізілді. (2024 жылдың 10 айы 17 семинар, 6 дөңгелек үстел, 36 дәріс, 205 электрондық БАҚ-та Жарияланымдар).
МҚҰБҮ-мен (мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарымен)құқықтық түсіндіру жұмысы
30.06.2025 жылы Павлодар облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен "Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның қызметі"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға "Атамекен" ҰКП, "Аманат "Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым" ЖМ авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару ұйымының өкілдері, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты.
03.07.2025 жылы құқықтық сауаттылықты арттыру және зияткерлік меншікті қорғау жүйесін нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитеті төрағасының орынбасары Кәкен Гүлнәр Қаратайқызының басшылығымен бірлескен онлайн-семинар өткізді.
Іс-шара өңірлік әділет департаменттерінің өкілдерін, сондай-ақ Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы жетекші сарапшыларды жинады. Семинар барысында зияткерлік меншікті қорғаудың өзекті мәселелері, құқықтық реттеудің ерекшеліктері, сондай-ақ құқық иелерімен өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері талқыланды.
2025 жылғы 30 қазанда Павлодар облысының экономикалық тергеу департаментімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың проблемалық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Оку тақырыбына тұрақты негізде әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізіледі, халықты ақпараттандыру мақсатында қалалар мен аудан әкімдіктерінің электрондық БАҚ-на мақалалар жіберіледі.