Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының
13 бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 175-н бұйрығымен бекітілген Павлодар облысының Әділет департаменті туралы ереженің 19 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса берілген Павлодар облысы Әділет департаментінің 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған мемлекеттік тілді дамыту жоспары бекітілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуы Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасарына, құрылымдық және аумақтық бөлімдер басшыларына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.