Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының Әділет департаменті «Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ЕРЕЖЕ

Павлодар облысының

         Әділет департаменті                                басшысының

         2024 жылғы 12 ақпандағы

                  №  94-н бұйрығына

                  4-қосымша

        

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының Әділет департаменті «Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы

 

ЕРЕЖЕ

 

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының Әділет департаменті «Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының (бұдан әрі – Филиал) мәртебесі мен құзыретін айқындайды.

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Филиал «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысының Әділет департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, филиалдың атауы мемлекеттік түрде жазылған мөрі мен мөртаңбалары бар.

2.Филиал қызметкерлерінің қызметі тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі.

  1. Филиал өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Департамент туралы ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Филиал құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  3. Заңды тұлғаның толық атауы: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, БСН 961040000526.
  4. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 18.
  5. Заңды тұлғаның қызмет ету пәні: Департаментының және филиалының функциялары өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясаты іске асыру жөнінде қызметті қалыптастыру және мемлекеттік реттеу, сондай-ақ Ақтоғай және Ертіс өнірлерінің аумағында атқару құжаттарын орындау саласындағы қызметті жүзеге асырады.

 

 

  1. Филиалдың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72 үй.
  2. Филиалдың толық атауы – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының Әділет департаменті «Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы.

 

  1. Филиалдың функциялары мен тапсырмалары

 

  1. Филиал тапсырмалары:

1.Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңымен жүктелген азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды, қылмыстық істердің мүліктік өндіріп алу бөлігі бойынша үкімдер мен қаулыларды, сондай-ақ, басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақтылы орындау жөніндегі міндеттерді заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асыру;

11.Филиал функциялары:

1) атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және тиісті түрде қарау;

3) атқарушылық өндірістердің есебін қамтамасыз ету және санын бақылау, ведомстволық мұрағатты дұрыс деңгейде жүргізу;

4) сот орындаушылардын жұмысын ұйымдастыру бойынша талдау жүргізу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

5) сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдарын әзірлеу;

6) әкiмшiлiк өндірісті жүргізу;

7) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, түсiніктемелерді және анықтамаларды алу;

8) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншіктің кез келген нысанындағы ұйымдарда тексеріс жүргізу;

9) атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесін Қазақстан Республикасының 32,33,34 – бабтарына көзделген туралы орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

10) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тыйым салынған мүлікті сату;

11) тұрақты негізде қолданыстағы заңнаманы зерделеу және кәсіби деңгейді жоғарылату;

12) атқарушылық іс жүргізудің тараптарын белгіленген уақытта жеке қабылдау;

13) мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру

14) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықты ескерту, алдын алу және жол бермеу бойынша жұмыстарды жүргізу;

15) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды қамтамасыз ету.

  1. Филиалдың заңнамамен белгіленген тәртіпте келесідей құқықтары бар:

1) егер атқарушылық құжатты орындау барысында жекелеген атқарушылық әрекеттер жасау қажеттілігі туындаған жағдайда басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушысына тапсырма беруге;

2) атқарушылық құжаттардың негізінде атқарушылық әрекеттер жасау кезінде сол құжаттар түсініксіз болса, түсініктеме алу үшін атқарушылық құжатты берген сотқа немесе өзге органдарға жүгінуге;

3) қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бас тартқан тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге.

 

  1. Филиалдың жұмысын ұйымдастыру
  2. Филиалды филиалға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы басқарады.
  3. Филиал басшысы Департамент басшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

1) Мемлекеттік сот орындаушылары Департамент басшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

  1. Филиал басшысы өз қызметінде Департамент басшысына тікелей бағынады және есеп береді.
  2. Филиал басшысы:

1) өзі басқаратын аумақтық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады;

2) уәкілетті және аумақтық органдардың бұйрықтарын, әдістемелік ұсынымдарын, нұсқауларын және өкімдерін орындауды ұйымдастырады;

3) сот орындаушыларының әрекеттеріне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін шешуді жүзеге асырады, оларды қабылдайды;

4) аумақтық бөлімнің қызметі туралы статистикалық есептілікті қалыптастырады және іс жүргізу мен мұрағат жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

5) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған атқарушылық әрекеттерді іске асырады;

6) Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған басқа да әрекеттерді іске асырады.

Филиал басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Филиалдың қызметі Филиал қызметкерлерінің арасындағы лауазымдық міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Филиалдың мүлкі

 

  1. Филиал оқшау мүлікке ие болмайды.
  2. Филиалға қызметтерін жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте Департаменттің балансында бар мүлік ұсынылады.

 

  1. Филиалды тарату, өзгерістер мен толықтыруларды

енгізу тәртібі

 

  1. Филиалды тарату, сондай-ақ, өзгерістер мен толықтыруларды енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
12 ноября 2025