Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелді
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
|
Қазақстан Республикасы |
Н. Пан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш берген кезде аттестаттау өткізілетін орны мен тілді (қазақ немесе орыс) айқындауға құқылы.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттаудан өткізу мерзімін өтініш пен аттестаттаудан өту күні негізінде ұсынылған құжаттарды есепке ала отырып, "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінің мемлекеттік деректер базасы автоматты түрде анықтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
Комиссия жеті мүшеден, оның ішінде кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың адвокаттар алқалары мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) айқындайтын үш адвокаттан, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.
Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Комиссия мүшелерiнiң бiрi оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнiнен бастап жаңа мүшесi бiр айдан кешiктiрiлмей құрамға енгiзiледi.
Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссия қызметін ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлер арасынан Комиссия хатшысын тағайындайды.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыс хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия құрамы Заңның 39-бабының 1-тармағына сәйкес бекітіледі.
Комиссия отырысына келген кезде үміткердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға психологиялық дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу;
2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайларын талдау бойынша практикалық тапсырма кезеңдерінен тұрады.
Біріздендірілген заңи тест тапсырмаларынан тұратын кешенді компьютерлік тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.
Біріздендірілген заңи тест тапсырмаларын қалыптастыруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, конкурстық негізде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
Тестілер мен емтихан билеттері құпия ақпарат болып табылады және еркін таратуға жатпайды.
Аттестаттаудан өтер алдында Комиссия үміткерге аттестаттауды өткізу тәртібі, үміткерлерді іріктеу рәсімінің ұзақтығы мен мазмұны туралы хабарлайды.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері және адвокаттар алқасының мүшелері қатысуға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдарын отырыстын өткізу күні туралы аумақтық әділет органы хабардар етеді.
Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық жеткіште қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, комиссия үміткерді ағымдағы аттестаттаудан шеттетеді.
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер, осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көзделген тәртіппен шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.
Хаттамаға аттестаттау өткізуге қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест тапсырғанға дейін психологиялық тестілеуден өтеді.
Тест өтуге белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін, бағдарламма автоматты түрде жабылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуге өтеді.
Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.
Комиссияның әрбiр мүшесi аттестаттаудан өтушiнiң жауаптарын басқалардан тәуелсiз әр жауап бойынша бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері қойған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балл шығарады. Орташа балл үміткердің жинаған балдарының жалпы санын қатысып отырған Комиссия мүшелерінің санына бөлу жолымен анықталады. Үміткердің қорытынды балы 3,3 есептеу кезінде 3,3 ретінде бағаланады, 4,2 есептеу кезінде 4,2 бағаланады және бұдан әрі осылайша.
Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ практикалық тапсырма бойынша аттестатталушы жинаған жалпы орташа балл хаттамада көрсетіледі.
Егер жалпы орташа балл төрт және одан жоғары балл болса, үміткер аттестаттаудан өтті деп есептеледі.
Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері практикалық тапсырмалардың нұсқаларын үміткерлер санынан асып түсетін санда ұсынады. Практикалық тапсырманың сұрақтары құпия ақпарат болып табылады және жария етілуге және таратылуға жатпайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлфқ қолтаңбасымен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешімі Заңның 40-бабының 10-тармағына сәйкес ол шығарылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
Үмiткер қайта келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қаралмайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Заңына сәйкес қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
|
|
"Адвокаттық қызметпен |
|||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әділет департаменттері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
"электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz; www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
15 (он бес) жұмыс күні |
|
|
|
4 |
Нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің |
Электрондық |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Аттестаттау туралы шешім не аттестаттамау туралы шешім |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш; |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыру. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
|
|
|
|
Нысан |
|||
|
|
Адвокаттық қызметпен |
|||
Аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге мені жіберулеріңізді сұраймын.
Осымен: мен анық деректерді қамтамасыз ету үшін жеке жауап беретінім; көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту туралы кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; сотпен өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және / немесе кіші қызмет түрімен айналысуға тыйым салынбаған; қоса берілген барлық құжаттар дұрыс және жарамды екені; өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділіктің шектеулі жеке деректерін пайдалануға келісетіні расталады.
Жеке тұлға ______________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күні:_______
|
|
Нысан |
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге арналған деректер нысаны
__________________________________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі)
нострификациялаудың немесе тану рәсімінің өтуін растайтын құжаттың берілген күні:
Жеке тұлға ________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күні:____
|
|
"Адвокаттық қызметпен |
|
|
Нысан |
Аттестаттау туралы шешім
______________ қаласы 20__ ж. "___"__________
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындылары бойынша
__________________________________________________ жинады:
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
тестілеу бойынша ____________________ балл
практикалықтапсырма бойынша _________ балл
Келесі құрамдағы комиссия:
Төраға
Мүшелері
Шешім қабылдады:
Аттестаттау _______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
|
|
"Адвокаттық қызметпен |
|
|
Нысан |
Аттестаттамау туралы шешім
______________ қаласы 20____ ж. "____"__________
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындылары бойынша
__________________________________________________ жинады:
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
тестілеу бойынша ____________________ балл
практикалық тапсырма бойынша _________ балл
Келесі құрамдағы комиссия:
Төраға
Мүшелері
Шешім қабылдады:
Аттестаттамау _____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде негіздеме мен себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол тапсыру арқылы қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес қаралуға жатады.
Шағымның нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
|
|
"Адвокаттық қызметпен |
|||
|
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
лицензия беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi; |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны |
Электрондық |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу үшiн жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 554-бабына сәйкес мыналарды құрайды: |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесi |
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi - демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш; |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:-www.adilet.gov.kz, порталда орналастырылған. |
|
|
Жеке тұлғаның лицензия алуға өтiнiшi
________________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
________________________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызметтiң түрi толық атауы көрсетiлсiн)
лицензия беруiңiздi сұраймын.
Байланыс деректері_________________________________________________________
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ________________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
барлық адамдар толтырады
(6,7-тармақтар шетелдің білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)
адвокаттан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін
күні____________________________________________________________________________
Адвокаттан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік
комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін
болып жұмыс істеген тұлғалар үшін
Жеке тұлға _________________________________ күні:________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________________
Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты
адвокаттық қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы " " _________ № __________,
________________________________________________________________________________
(лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы)
берілген лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ____________ ____________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
|
|
"Адвокаттық қызметпен |
|
|
нысаны |
Лицензия
20____ жылғы "___" ___________ №_____________
________________________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
______________________________________________________________________ айналысуға
_________________________________________________________________________ берілді
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, мекен-жайы)
Ерекше шарттары __________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы
Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: __________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Берілген орны ____________________________
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз құжатқа балама болып табылады.
|
|
Қазақстан Республикасы |