
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ ЖӘНЕ БІЛІМІ
Даниел Ғалиханұлы Татаев 1976 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. 1999 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдаған.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінде бастаған. Әділет органдарында әр жылдары ұйымдастыру-бақылау бағыты бойынша жетекші маманның міндетін атқарушы, Тіркеу қызметі комитетінде басқарма басшысының орынбасары, Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде басқарма басшысы, Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары, Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2017–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті Кадр жұмысы басқармасының басшысы болған.
2023–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттарды бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалған.
МАРАПАТТАРЫ
«II дәрежелі Заңгер» төсбелгісі (2012 жылғы 20 қараша);
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2016 жылғы 5 желтоқсан);
«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2017 жылғы 24 тамыз);
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020 жылғы 20 тамыз);
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің алғыс хаты (2025 жылғы 28 наурыз).