GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 сентября 2026
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында Маңғыстау облысы Әділет департаменті «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп азаматтарға арналған «Тегін заң көмегі» акциясын ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - халыққа сапалы әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. 

Кездесу барысында Маңғыстау облысының заң қауымдастығы өкілдері азаматтарды толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынды. Сонымен қатар, заң көмегін алу тәртібі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

24 сентября 2026
Маңғыстау облысының Әділет департаменті жеке кәсіпкердің өтініші негізінде автокөлік қозғалтқышының майларын өткізу кезінде тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында тауар белгісіне құқықтарды бұза отырып, автокөлік қозғалтқышының майларын заңсыз сату фактісі анықталды.

Анықталған құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысы негізінде «Д» ЖШС-не әкімшілік айыппұл салынды.

Әділет департаменті тауар белгілеріне қатысты құқықтарды қорғау және зияткерлік меншік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

24 сентября 2026
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов азаматтарға жеке қабылдау өткізді. 

Қабылдауға келген азаматтар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу және жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты мәселелерді көтерді. 

Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

24 сентября 2026
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Аз.Б.С.Бекназарова борышкер А.О.Асқаровтың атқарушылық өндірісіндегі берешегі және борышкерді іздестіру шаралары бойынша қабылдау жүргізу Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

24 сентября 2026
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық адвокаттардың қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді

Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық адвокаттардың қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында сотталған азаматтарға жеке мәселелері бойынша құқықтық кеңестер беріліп, олардың сауалдарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер ұсынылды.

Адвокаттар азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, заңда көзделген құқықтық қорғау тетіктерін түсіндіріп, туындаған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берді.

Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

24 сентября 2026
Маңғыстау облысының Әділет департаменті «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы №9 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және азаматтардың құқықтары»,сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында дәріс өткізді.

Іс-шараға Әділет департаментінің мамандары және заң қауымдастығының өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру.

Сонымен қатар, оқушылардың заң бойынша көкейтесті сұрақтарына мамандармен қолданыстағы заң нормаларына сайкес жауаптар берілді.

24 сентября 2026
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н. Каримов азаматтарды жеке қабылдады.

Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н. Каримов азаматтарды жеке қабылдады.

Жеке қабылдау барысында азаматтар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері, сондай-ақ шетелде білім алу мақсатында ұсынылатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі бойынша сұрақтарын қойды.

Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер мұқият тыңдалып, азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті құқықтық түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

Маңғыстау облысы Әділет департаменті азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жеке қабылдауларды тұрақты түрде өткізіп келеді.

24 сентября 2026
23.09.2026 жылы Маңғыстау облысының Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы мен Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының Жаңаөзен қаласы бойынша адвокаты бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

23.09.2026 жылы Маңғыстау облысының Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы мен Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының Жаңаөзен қаласы бойынша адвокаты бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

24 сентября 2026
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу және жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты мәселелерді көтерді.

Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

24 сентября 2026
22.09.2026 жылы Маңғыстау облысының Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы мен Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының Жаңаөзен қаласы бойынша адвокаты бірлесіп, «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидатын ақпараттық ілгерілету және Қазақстан Республикасы Конституциясын насихаттау мақсатында «Оқушылар шығармашылық үйі» МКҚК қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі орны, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қатысушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы