Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттері ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес мойнына алуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтарды болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заң актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшін басқа қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін. Заңды тұлға тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзімі өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.