Меню

Страницы

Статья

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігін (ММИБ ) қалай тіркейді?

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігін (ММИБ ) қалай тіркейді?

2020 жылдың 7 қаңтарында 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап пәтер иелері кооперативтерінің күшін жоятын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншіктің мүлік иелерінің бірлестігі (ММИБ) басады.

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі – бұл бір үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының иелері құрған заңды тұлға (коммерциялық емес ұйым). Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емесүй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады. ММИБ әділет органдарында тіркелуі және өзінің жарғысы болуы қажет.

ММИБ тіркеу үшін мемлекеттік корпорация арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет: 1 АЕК мөлшерінде тіркеу төлемі туралы түбіртек; меншік иелері ММИБ құру және төрағаны сайлау туралы шешім қабылдаған жиналыстың хаттамасы. Жиналыс хаттамасы мен сауалнама парақтары ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес, үлгілік нысан бойынша дайындалуы қажет. Дауыс беру парақтарын өмірленіп, хаттамамен бірге тігілуі керек; Жарғы екітілде, екі данада ұсынылуы керек. Негіз ретінде меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын алуға болады. Егер пәтер иелері өздерінің ММИБ жарғысын дербес әзірлеу туралы шешім қабылдаса, онда жарғыда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44-2-бабында көрсетілген талаптар болуы қажет.

            ММИБ-ін тіркеу мерзімі 5 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Дата публикации
30 сентября 2021
Дата обновления
30 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы