Меню

Страницы

Статья

Информационная система «Е-заң көмегі»

ҚР "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 24-бабын цифрландыру және іске асыру саясаты шеңберінде елімізде жүргізіліп жатқан адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруды көздейтін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "Е – заң көмегі" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-"Е-заң көмегі"АЖ) әзірледі.

Ақпараттық жүйені іске қосудың негізгі мақсаты халық үшін білікті заң көмегіне қолжетімділікті оңайлату, сондай-ақ адвокаттық қызметті және халықты заң көмегіне қамтамасыз ету жөніндегі заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.

"Е-Заң көмегі" АЖ заң қызметтерін ұсыну және алу үшін платформа болып табылатын заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі. Бұл ретте қызметтерді онлайн немесе офлайн форматта алуға болады, бұл қазіргі таңда елдегі пандемия кезеңінде өзекті.

"Е-Заң көмегі" АЖ арқылы адвокат және/немесе заң консультантын табуға (таңдауға) болады, бұл ретте маманды іздеу критерийі (мамандануы бойынша, жұмыс өтілі) және оның деректерін тексеру (лицензияның болуы, заң консультанттары палатасына не адвокаттар алқасына мүшелік) бар.

Ақпараттық жүйе арқылы білікті заң көмегіне қол жеткізу мүмкіндігі туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру мақсатында халықты ақпараттандыруға жәрдем көрсетуді және "Е – Заң көмегі" АЖ сілтемесін орналастыру мүмкіндігін қарауды сұраймыз (https://eup.adilet.gov.kz/) Сіздің ресми интернет ресурстарыңызда өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Дата публикации
14 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Борышкерге іздеу жариялау тәртібі
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы