Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет жүйесі

Мемлекеттік қызмет жүйесі

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бірқатар мәселе көтеріліп, үкіметке түрлі тапсырмалар берілді. Жолдаудың жолдану мақсаты елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасалу керек істердің басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу. Бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет болғаннан кейін, ел ішіндегі әрбір халықтың жолдау негізінде жұмыс жасауы маңызды.

          Президент жолдауында қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім, ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсысының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті.

          Түбегейлі реформаны жүргізу үшін мемлекеттік аппараттың қызметін қайта қарау керек. Бұл мәселе бойынша реформаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың үйлесімділігі аса маңызды. Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке  келтіріп, қайта құру керек. Пандемия кезінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті.

           Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға бағытталған шараларға қатысты көрсетілетін қызметтердің электронды форматқа, цифрландыруға көшірілуінің маңыздылығы ерекше. Ең алдымен цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен, сапалы байланыспен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде, бұл уақыт үнемдеумен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тапсырмас көрінісі.

          Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру мақсатындағы іс-шаралар азаматтар сұранысы бейімделген зайырлы мемлекет қалыптастырудағы басты қадамдардың бірі.

          Сан саланы қамтыған жолдау біздің бірігіп ел үшін жауапкершілік сезінуімізді жеткізді. Ендеше, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

 

 Маңғыстау облысының әділет департаментінің

нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі         

Дата публикации
26 марта 2021
Дата обновления
26 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы