Меню

Страницы

Статья

Заң ғылымының алыбы

Заң ғылымының алыбы

Жастайынан қиыншылық пен ашаршылықтың зардабын тартып, ержете келе соғыстың да зұлматын көрген, Салық Зиманов Маңғыстау облысындағы портты қала  Форт-Шевченкода Киров атындағы мектепте мұғалім болып қызмет еткен.

Соғыс аяқталған тұста Бүкілодақтық заң институтының Алматы филиалын бітіріп, 1950 жылы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын тәмамдаған. Туған елінің гүлденуі жолында өлшеусіз еңбек етіп, еліміздің тәуелсіздігіне даңғыл жол салып берген басты құжат  «Мемлекеттік егемендік туралы декларацияcыy» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдауға белсене қатысқан.  Бүкіл ғұмырын Қазақстан ғылымының өркендеуіне арнаған мемлекет және қоғам қайраткерінің еңбектері тек заңгерлерге ғана емес, барлық гуманитарлық ғылымдар өкілдеріне де пайдасын тигізді десек артық айтқандық болмас. Профессор, академик Салық Зиманов бірнеше ғылыми еңбектің авторы және «Қазақтың ата заңдары – Древний мир права казахов» атты 10 томдық жинақтың бас редакторы. Ғылымға тереңдей бойлап, ұзақ жылдар бойы зерттеу еңбектерін жазып, шәкірт тәрбиелеген  ұстаз тәуелсіздік жолындағы Қазақстанның халықаралық қатынастарын заңдастырып, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне белсене араласты.

Салық Зимановтың «Абай – Ұлы билердің соңғысы және оның бітім - биліктері туралы» еңбегінде «Абайды күні бүгінге шейін ұлы ақын деп қарап келдік. Бұл орынды. Орынды болса да жеткіліксіз. Ұлы ақын өлең сөзбен бейнелеген жүрек сырын, терең ойын тек арманы етіп қалдырмаған. Сол үшін күрескен. Шешендік, билік жолы оның халықтық сана-болмысты биіктетудегі негізгі құралы саналған. Абай тұтас тұлға. Оның би атануы, биліктері-тұтас тұлғаның күрделі болмысының бір қыры. Ол «Ұлы дала» заңын үлкен қоғамдық күш деп санады – деп көрсетті. Сонымен қатар, осы еңбекте  «Ұлы дала» заңы бойынша жер дауы, жесір дауы, мал дауы қалай шешілгендігі жөнінде мағлұматтар берілген. Ұлағатты ұстаз,  елін сүйген, шәкірттерін білім нәрімен сусындата білген, жақсы қасиеттерін бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берген, заң ғылымдарының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, елі үшін, ерен еңбегі үшін Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері атанған  Салық Зиманұлы Зиманов  өзі сүйген елінің есінде мәңгі  сақталады.

                                                                                 

Г. Ауданбаева

Маңғыстау ауданаралық         

әділет басқармасы

Дата публикации
19 февраля 2021
Дата обновления
19 февраля 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Борышкерге іздеу жариялау тәртібі
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы