Меню

Страницы

Статья

Құқықтық мониторинг- нормашығармашылықтың қайнар көзі!

Құқықтық мониторинг-нормашығармашылықтың қайнар көзі!

         Нормашығармашылық кез келген мемлекет пен қоғамның ажырамас бөлігі және ол мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

         Өз кезегінде, ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес құқықтық мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімді іске асырылмайтын құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

         Сонымен қатар, мониторинг жүргізу тәртібі  ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы №486 қаулысымен бекітілген құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында нақты айқындалған

         Бұл орайда, мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды.

         Сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен шаралардың уақытылы қабылдануы әділет департаментінің үнемі бақылауында.         

         Нақты айтқанда, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында жүргізілген мониторингтің нәтижесінде қолданыстағы заңнамаларға қайшы келетін      148 НҚА анықталып, сәйкестендіру жөнінде заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар мен ақпараттық хаттар жолдандып, қазіргі таңда жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу не күшін жою бойынша жұмыстар атқарылуда.

         Қорытындылай келе, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу арқылы оларды қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру нормашығармашылықтың қайнар көзі деп білемін.  

Маңғыстау облысы әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Ж.Алжанова

Дата публикации
16 сентября 2020
Дата обновления
16 сентября 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Борышкерге іздеу жариялау тәртібі
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы