Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шаралары

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту оның алдын – алуда үздіксіз жұмыстар жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде.

Әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл тетіктерінің барлық елдер үшін оңтайлы бір жиынтығы жоқ. Әрбір елдің заңи нормаларына немесе қарсы іс – қимылдағы түрлі әдістерге байланысты емес, сондай – ақ, салт – дәстүрге, діни ерекшеліктері мен мәдениетіне де байланысты.

Біздің елдің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасында іс – қимыл шараларының жүйесін көрсетеді. Олар:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;\

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;

3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;

6) қаржылық бақылауды;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;

8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;

9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;

10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;

13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

Бұл дегеніміз Еліміздің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қателерден тиісінше қамтамасыз етуді көздейді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуінің арқасында жемқорлыққа қарсы реформалар қабылдануда және бұл ашықтық пен есеп беру мәдениетін ілгерілетуде маңызды болып табылады.

Дата публикации
27 июня 2025
Дата обновления
27 июня 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы