Меню

Страницы

Статья

Борышкерді ҚР шығуына уақытша шектеу қою туралы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, егер борышкер сот актісінде немесе атқару құжатында көрсетілген талаптарды дәлелді себептерсіз орындамаса, оның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін. Бұл шара борышкердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындауыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес, сот орындаушысы:

1) атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам;

2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.

Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады. Бұл қаулы соттың санкциялануына жатады.

Борышкер өз міндеттемелерін толық орындаған жағдайда немесе шектеуді тоқтата тұруға негіз болатын дәлелді себептер болғанда (мысалы, шетелде емделу қажеттілігі), сот орындаушысы шектеуді тоқтата тұру немесе алып тастау туралы қаулы шығара алады.

Борышкердің шетелге шығуына шектеу қойылған-қойылмағанын Қазақстан Республикасының Борышкерлердің бірыңғай тізілімі жүйесі арқылы ЖСН немесе БСН енгізе отырып тексеруге болады.

Дата публикации
27 июня 2025
Дата обновления
27 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Борышкерге іздеу жариялау тәртібі
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы