Кемел келешек кепілі
Аз уақытта айбары асып, дәулеті тасқан қуатты елге айналып, егемендігінің еңсесі нығайып, дамудың даңғыл жолын таңдаған көпұлтты Қазақстан Елбасының салиқалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналды.
Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдаған Ата Заң аясында аз жылдың ішінде еліміз әлеуметтік –экономикалық жағынан қарқынды дамыған, саяси тұрақтылығы берік қалыптасқан, іргесі мықты ірі мемлекет ретінде дүниежүзіне танылды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Ал оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Кез-келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат-Конституция. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституцияның жасаған ықпалы өте зор Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, барлық заңдардың бастауы болып табылады. Ата Заңның аясында елдің ұзақ жылдарғы дамуына бағыт беретін Ұлт жоспары қабылданды. Бес халықтық реформадан тұратын Ұлт жоспарын орындаудың «100 нақты қадамы» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы маңызды құжат болып отыр. Конституцияда бекітілгендей тұлғаға құрметпен қарау, оның жеке құқықтарын таптамау, сот пен заң алдындағы теңдік, жалпы теңдік қағидалары заманымызға сай идеологияға айналды. Адамның табиғи құндылықтарын үстем қою мемлекет қызметінің негізгі бағыты десек еш қателеспейміз. Ата Заңның 13 бабының 3 тармағында танылған әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығын ауылдық жерлерде қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастыру басқарма қызметінің басты бағыттарының бірі болып саналады. Осы орайда басқарма қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде, басқарма қызметіндегі жаңалықтар мен жетістіктер жөнінде жергілікті баспасөздерде мақалалар жарияланып, семинар-тренингтер, дәрістер, дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Аталған шаралар әлемде болып жатқан пандемияға байланысты онлайн түрінде ұйымдастырылып тұрады. Елді-мекендерде құқықтық насихат жұмыстарының жүргізілуі тұрғындардың құқықтық мәдениетінің жоғарылауына әсерін тигізеді.
Г. Ауданбаева
Маңғыстау ауданаралық
әділет басқармасының басшысы